18 Қазан, 05:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арал қаласында өңір балықшыларының VІІ слеті болып өтті

21 Қыркүйек 2023 15:49
- Жаңалықтар, Таным
Арал қаласында өңір балықшыларының VІІ слеті болып өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АРАЛ. 21 қыркүйек. Кеше Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Арал ауданының 95 жылдығына орай құтты мекен – Арал өңірінде балықшылар слеті өткізілді. Бұл туралы Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Ата кәсіпті жалғаған айдынды өңірдің балықшылары бұл күн асыға күтетін мерекеге айналған.

Теңіз төскейіндегі өлкеде өткен балықшылар слеті «Балықтар базынасы» атты тағдырлары теңізбен ұштасқан жандардың өмірінен сыр шертетін театрландырылған қойылымымен басталды.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов тұрғындардың бүгінгі қуанышына ортақтасты.

«Қасиетті Сыр елі, өзінің сыр салысы, төрт түлік малымен қатар балығымен де аты шыққан берекелі, құтты мекен. Бүгінгі күні, теңізді өлкенің ата кәсібі – балық шаруашылығының мәні мен маңызы кеміген жоқ. Бұған дәлел, әр жыл сайын өтетін «Балықшылар слеті». Мақсатымыз – балық шаруашылығымен айналысатын азаматтардың еңбегін бағалап, лайықты дәрежеде құрмет көрсету үшін жасалуда. Соңғы уақытта балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейде қайта оралып, ерекше қарқынмен дамуда. Өздеріңізге мәлім, Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарлама аясында өңірімізде ауқымды істер атқарылуда. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, республикалық бюджеттен қаржы бөлініп тиісті деңгейде жұмыстар жүргізілуде. Өздеріңіз білетіндей, ел Президенті өткен аптада Тәжікстанда болып өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінде Аралдың қазіргі тағдырын талқыға салды. Алдағы 3 жылда «Халықаралық Аралды құтқару қоры» мемлекетіміздің басқаруына өтіп, теңіздің мәселесінің шешілуіне жаңа бір серпін беретінін атап өтті. Бұл мемлекет басшысының Сыр еліне, Арал өңіріне деген қолдауы ерекше екенін білдіреді. Өткен жылы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен бастау алып, биыл екінші кезеңі жүргізіліп, абаттандырылған «Балықшылар аллеясы» барша балықшылар қауымына деген біздің құрметіміз бен ілтипатымыз екендігін жеткізгім келеді», – деп, слетке қатысушыларды бүгінгі мерекемен құтықтады.

Сонымен қатар, слеттің ашылу салтанатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Алмас Асылбеков Арал балықшыларын құттықтап, ізгі тілегін арнады.

Слет аясында балық шаруашылығы саласының үздіктері мен ардагерлері марапатталды. Осы орайда балық ісінің қарқынды дамуына өз үлестерін қосып жүрген сала мамандарына Экология және табиғат ресурстар министрлігінің «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер», «Балық шаруашылығы саласына мінсіз қызметі үшін» төсбелгілері, «Құрмет грамотасы» және «Арал өңірінің балықшыларының VII слетінің» арнайы номинациялары мен «Арал ауданының құрметті азаматы» атағы тапсырылды.

Шара соңында ауданныңталантты өнерпаздары ән мен жырдан тамаша тарту жасап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

Айта кетейік, өткен жылы «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасына сәйкес 500 млн теңге бөлінді. Аталған қаржыға «Ақлақ» су торабына жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, қосымша канал арналарын қазу жұмыстары атқарылды.

Ірі көлдер болып саналатын Қамыстыбас, Ақшатау көлдер жүйесін, шабындық және жайылымдық жерлерді суландыру үшін 10 каналдың арнасы тазаланып ұлғайтылып, 6 су тоспасының құрылысы жүргізілді.

Нәтижесінде Арал теңізіне мол су кезіндегі 3 айдың өзінде 1.3 млрд текше метр су жинауға мүмкіндік болды. Биыл да теңізге осы көлемде су түсіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ тағы бір қуанышты жаңалық – үш көзді «Мырзас» су тоспасын салу үшін тиісті құжаттар әзірленуде.

 

Таңбалар: Аралбалықшыларслет

Ұқсас мақалалар

Қамыстыбас туристік әлеуетінің инфрақұрылымы дамытылатын болады
Дәулет

Қамыстыбас туристік әлеуетінің инфрақұрылымы дамытылатын болады

06.06.2026
Ынтымақтың ұясы – Шүкірбаевтар шаңырағы
Әлеумет

Ынтымақтың ұясы – Шүкірбаевтар шаңырағы

12.12.2025
Сүйінші! Қызылордада ДДҰ-ның өңірлік офисі ашылатын болды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қызылордада ДДҰ-ның өңірлік офисі ашылатын болды

21.09.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist