18 Қазан, 09:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

АҚҰШТАПТЫҢ АСУЫ

(Жұмекен жайлы жыр)

6 Шілде 2025 20:12
- Жаңалықтар, Таным
АҚҰШТАПТЫҢ АСУЫ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Студент кезіміз еді. КазГУ-дің биология факультетінің зәулім акт залында Жұмекен Нәжімеденовті еске алу кеші өтті. Қазақ жырындағы ғаламат құбылыс саналған Жұмекен ағаның өмірден озғанына көп бола қоймаған-ды. Ол тұстағы өлеңқұмар жастардың ешқайсысы мұндай кездесуден қалыс қалмайды. Ат шаптырым залдан орын тимегендер есік аузында түрегеп тұрды. Бір сәтте мінберге Ақұштап апамыз шықты. Аты-жөніне қанықпыз. «Жұлдыз» бен «Жалынға» суреті талай рет басылған. Бірақ өзін анықтап, жақыннан көріп тұрғанымыз осы. Қазақтың танымал сөз зергері. Шамамен, бүгінгі талантты жас ақын Толқын Қабылшадай кезі. Бәлкім, сәл кішірек те болар. Өте байсалды екен. Ақұштап апам көп сөйлеген жоқ. Қысқа қайырды да, «Қоңыр» деген өлеңін оқыды. Өзіміз алғаш рет естіген соң ба, бұл өлең осы кешке арнап жазылғандай көрінді.

Күй шерткен оңашада домбырадан,

Күн кешкен жыр жолына болып алаң.

Даланың қоңыр күйін сүйіп өткен,

О, менің дала мінез, қоңыр ағам!

Жандырдың алуан ойдың отын іште,

Жыр жолын айналдырдың бекініске.

Танылдың озық ойлы саналыға,

Санасыз танымаса өкініш пе?!

Бұл туынды жиналған жұртқа қатты әсер етті. Залдағылар сілтідей тынып қалды. Айналаның бәрін бір қоңыр әуен билеп тұрғандай. Қоңыр өлең… Қоңыр ақын. Қоңыр күй. Қоңыр үн… Қоңыр деген ұғымның қазақ даласы һәм қазақ баласы деген түсініктің талассыз баламасы екенін сол жолы жан-тәнімізбен сезінгендей болдық. Ұқтырған Ақұштап ақынның жаңа жыры еді. Бұдан соң біз бұл өлеңнің бірнеше шумағын жаттап алып, оқу бітіргенше «О, менің дала мінез, қоңыр ағам!», – деп сандуғаштай сайрадық та жүрдік. Ұлт өлеңінің ұстасы Жұмекенге арналған жақұт жырдың есімізде сақталып қалатындай тағы бір себебі бар еді. Осы дүниенің ой-тұжырымы өзімізбен қатар оқыған қарымды қаламгер, курстастары арасында «Қоңыр» атанған, үнемі қоңыр түсті киім киіп жүретін Құлтөлеу Мұқаштың тұрпаты мен табиғатына да дәл келетін…

Бұл Ақұштап Бақтыгереева поэзиясының біздің дәуіріміздегі студенттер арасындағы таныстыру рәсіміндей болған туынды еді. Бұдан соң Ақұштап әлеміне терең бойлауға тырыстық. Жылдар өте келе әдемі әпкеміз әр қырынан танылды. Ақын Ақұштап. Ару Ақұштап. Ана Ақұштап. Ақжайықтағы Ақұштап. Ақ шағала сынды Ақұштап… Бірақ біз үшін ол – сол баяғы әйгілі «Қоңырдың» авторы. КазГУ-дің қалашығына бар­ғанымызда биофактың жанынан өткен сайын қоңыр үн құлағымызға келеді. Сол қоңыр әуеннің жанымызды жадыратып, жадымызды жайнатып, жүрегімізді тербеп жүргеніне қырық жыл… Әлі де тербей түссе дейміз…

*  *  *

Ардақты Ақұштап апам мерейлі белеске шықты! Жай, тек әдемі әпкеміздің әдемі жасына орай әдемі тілек қосқымыз келді…

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

2024 жыл

«Шағала» жинағынан

Таңбалар: Ақұштап БақтыгерееваақынЖұмекен Нәжімеденовөлең

Ұқсас мақалалар

ЖЫР ӘЛЕМІНДЕГІ ШАҺЗАДА
Жаңалықтар

ЖЫР ӘЛЕМІНДЕГІ ШАҺЗАДА

16.09.2026
СЕН БОЛМАСАҢ, СЕЗІМ ТҰЛ…
Жаңалықтар

СЕН БОЛМАСАҢ, СЕЗІМ ТҰЛ…

16.09.2026
Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist