ТУНИС. 17 маусым. Футболдан әлем чемпионаты кезінде Тунис ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Сабри Ламуши қызметінен кетті. Бұл туралы Nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
F тобында өнер көрсетіп жатқан Тунис құрамасы 1-турда Швециядан 1:5 есебімен ұтылып қалды. Осыдан кейін Лямуши бір тәулік ішінде доғарысқа жіберілді.
Айта кетейік, тарихта алғаш рет әлем чемпионатының алғашқы матчынан кейін бас жаттықтырушы орнынан босатылып отыр.
RMC Sport басылымының мәліметінше, Лямушидің қызметінен кетуі ұлының тәртібімен де байланысты. Тунис құрамасы делегациясының құрамында болған кіші Ламуши жанкүйерлермен төбелесіп қалған деген болжам бар.
Ал бас бапкердің міндеті кейінгі уақытта ұлттық құраманың техникалық директоры қызметін атқарған Мондер Кебайерге жүктелген.
Тунис құрамасын алда топтағы Жапония (21 маусым) және Нидерланд (26 маусым) құрамаларымен кездесу күтіп тұр.
USD




