25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

АЙТЫЛМАЙ ҚАЛҒАН АЛҒЫС

9 Маусым 2023 11:17
- Көзқарас
АЙТЫЛМАЙ ҚАЛҒАН АЛҒЫС
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Бұл екі мыңшы жылдардың басында болған оқиға еді. «Егемен Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісімін.

Бір күні Астанадан басқарма басшысының орынбасары Еркін Қыдыр телефон шалды.

Шымкентте бір ауылдасының үйін сот шешімімен бұзғалы жатыр екен. Шиеттей бала-шағасы бар. Обал болады. Мүмкін болса көмектесу керек.

Үй иесін таптым. Үйін расымен бұзғалы жатыр екен. Отағасы қап-қара болып түтігіп кеткен. Жерді сатып алған. Бар жиған-тергеніне үй салған.

Енді рахатын көреміз бе деп отырғанда, жердің құжаттарынан ши шыққан. Ол жер басқа мақсатқа лайықталған екен.

Сот шешімімен бұзылуы керек. Сот орындаушы жалаңдап күнде келеді.

Бір күні отағасы «ойбайлап» телефон шалды. Сот орындаушы бұзатын бульдозер әкеліп, шөмішін үй қабырғасына тіреп қойыпты.

«Менің басым екеу емес. Сот шешімі шықты. Тракторды жалдап әкелдім. Бұзуым керек».

Отағасы қабарып тұр. «Бар жиған-тергенім осы үйді салуға кетті. Қарыздарым да бар. Үйді бұзар болса, өз-өзіме қол саламын. Жазықсыз жандарды шырылдатқан сотыңның…»

Екі оттың ортасында қалдым. Сот орындаушы ақыл айтты. Прокуратура тоқтам берсе, құжатын жөндегенге дейін күтуге болады.

Құстай ұшып, облыстық прокуратураға келдім. Прокурордың орынбасарына жағдайды түсіндіріп жатырмын. Түсінеді деген қайда, әрі қарай шалқаяды. «Ештеңе істей алмаймын. Бұзылуы керек».

Қайдан шықса одан шықсын, деп облыс прокуроры Марат Ахметжановтың алдынан бір-ақ шықтым.

Көшелі азамат қой, жағдайды жақсы түсініп отыр. Жаны күйген отағасының суицидке бару қаупі бар екенін де айтып жатырмын.

«Бізге де өте қиын. Сот шешімі шығып қойыпты. Бірақ отбасыға обал екен. Құжатын рәсімдеуіне мүмкіндік берейік. Жасай алмаса, өкпе жоқ».

Шымкентте «болмайды» деген мәселе жоқ. Үйдің құжаттары дұрысталды. Бұзылудан аман қалды.

Рысқұлов даңғылының бойынан өтіп тұрамын. «Байсал» деген екі қабатты сауда үйінің жанындағы қоңырша үй көзге оттай басылады. Жүректі жылытады.

Сол оқиғадан кейін бір-екі жыл бедерінде Алматының «Ақсай» ықшам ауданында жігіттермен келе жатқам. Полиция формалы ұзынтұра жігіт қызбен қарсы ұшырасты. Елпілдеп амандасты. Аң-таңмын.

– Аға, мені танымайсыз. Шымкентте бұзылмақ болған үйдің баласымын ғой. Сізге ылғи рахмет айтып отырамыз.

Жүрекке жылы тиеді екен.

– Айналайын, шын рахметтің айтылуы керек адам басқа. Ол – облыс прокуроры Марат Ахметжанов. Сол кісінің адамгершілігі болмағанда, менің қолымнан ештеңе келмес еді, – дедім.

Бүгінде Марат Ахметжанов – мемлекетіміздің Ішкі істер министрі.

Кеше Түркістанда халықпен кездескен. Келелі мәселелер көтеріліпті. Бүгін Шымкент жұртшылығымен жүздеседі.

Ішкі істер министрлігінде үлкен реформалар жүріп жатыр. Полиция шын мәнінде халықтың қорғаны болып келеді. Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің бастығы генерал-майор Қайрат Дәлбеков – мемлекетшіл азамат. Тұрғындардың арыз-шағымына бейжай қарамайды.

Шымкенттегі кездесуде де осы саладағы күрмеулі мәселелер айтылатыны анық. Заң адамдардың құқығын қорғауға қызмет етеді.

Ахметжановпен сол оқиғадан кейін кездеспегенбіз. Рахмет айтудың сәті келмеген. Ол кісі сол кезде батыл шешім қабылдамағанда, бір отбасының тағдыры өте қиынға қалар еді. Халыққа жақын министрдің бүгінде мыңдаған отбасылардың проблемаларын оңтайлы шешіп жүргендігі сендіреді.

Іске сәт, жолдас генерал! Мемлекетке адал қызмет ете беріңіз!

Бақтияр ТАЙЖАН,

ШЫМКЕНТ

Таңбалар: алғысМарат Ахметжановүйшымкент

Ұқсас мақалалар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды

03.07.2026
Министр: Хайп қуғандар үшін адами құндылықтың да құны қалмады
Жаңалықтар

Министр оралдық дәрігерге өзінің шынайы алғыс сезімін білдірді

27.03.2026
Шымкент полициясының бастығы қызметінен босатылды
Жаңалықтар

Шымкент полициясының бастығы қызметінен босатылды

21.01.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist