ШЫМКЕНТ. 26 қазан. Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз тарихында футболдан екінші мәрте Қазақстанның чемпионы атағын алды. Бұл туралы Sport24.ru ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Бұған Шымқаланың клубы чемпионат аяқталуға бір тур қалғанда, өзімен бәсекелес болып келе жатқан Алматының «Қайраты» Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбемен» 2:2 есебімен тең ойнағаннан кейін қол жеткізді. Осылайша бұған дейін 68 ұпай жинап үлгерген ол «Қайраттан» 4 ұпай алда тұрды. Ендігі қалған бір матчта алматылықтар енді жеңіске жетсе де қуып жете алмас еді.
Шымкент клубы өз тарихында осымен екінші мәрте Қазақстан чемпионы атанып отыр. Бұдан бұрын «Ордабасы» ұлттық біріншілікті 2023 жылы ұтып алған еді. Одан кейінгі екі жылда «Қайрат» алтын медальді жеңіп алған болатын.
«Ордабасы» клубын бұл атаққа молдован маманы Андрей Мартин жеткізді.
Қазір екінші орында «Қайрат» тұр. Ал үшінші орынның тағдыры Астананың «Астана» және Көкшетаудың «Оқжетпес» командалары арасында соңғы турда шешіледі.
«Ордабасы» биылғы маусымда әлі Қазақтан Кубогының финалында да ойнайды. Ол осы трофей үшін 7 қараша күні «Түркістан-Арена» стадионында Қызылорданың «Қайсарымен» күш сынасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана» 7 дүркін (2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2022), «Қайрат» (1992, 2004, 2020, 2024, 2025), «Ақтөбе» (2005, 2007, 2008, 2009, 2013) және Павлодардың «Ертіс» (1993, 1997, 1999, 2002, 2003) командалары 5 реттен, Астананың «Жеңісі» (2000, 2001, 2006) мен Семейдің «Елімайы» (1994, 1995, 1998) 3 мәртеден, Қостанайдың «Тобылы» (2010, 2021) мен Қарағандының «Шахтері» (2011, 2012) 2 реттен, ал «Тараз» 1 сапар (1996) чемпион атанған болатын.
«Ордабасы» командасының биылғы жылғы құрамы мынадай:
Қақпашылар – Бекхан Шайзада, Қажымұқан Төлепберген, Аян Әбдухалық;
Қорғаушылар – Сергей Малый, Ги-Марселин Килама (Камерун), Никола Антич (Сербия), Алекса Аманович, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов, Әли Тұрғанов, Сергей Кейлер, Нұрдәулет Серік;
Жартылай қорғаушылар – Эльхан Астанов, Жасұлан Әмір, Юрий Вакулко (Украина), Михай Кристиан Кэпэцынэ (Румыния), Тидиан Кейта, Әбинұр Нұрымбет, Владислав Наумец (Украина), Нұрби Маратұлы;
Шабуылшылар – Бьёрн Марс Йонсен, Лео Натель, Эвертон Мораес, Магжан Тоқтыбай, Біржан Тоқтыбай.
USD




