25 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұрат Әбенов: 14 мың Ресей азаматы өткен қазақ тілі сынағынан қазақ қалай өте алмайды?

25 Маусым 2026 16:20
- Жаңалықтар, Қоғам
Мұрат Әбенов: 14 мың Ресей азаматы өткен қазақ тілі сынағынан қазақ қалай өте алмайды?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 25 маусым. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов биыл 14 мың ресейлік Қазақстан азаматтығын алғанына, ал қандастарымыздың мөлшері бұдан көп төмен болып отырғанына қоғам назарын аударды. Бұл туралы tiek.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қалайша үш айда 14 мың Ресей азаматы қазақ тілінен тест тапсырып өтеді де, өз қазағымыз өте алмайды? Бұл ақылға сыймайды!» – деп жағасын ұстайды депутат.

«Қазақстанның көші-қон саясатында түсініксіз реверс басталғандай. Сырттағы бес миллион қазақты атажұртқа жинау – мемлекетіміздің Конституциямен бекітілген басты стратегиялық бағыттарының бірі. Алайда соңғы айларда Үкімет тарапынан енгізілген «пилоттық жобалар» мен жасырын тосқауылдар бұл үдерістің тамырына балта шаба бастапты». Осылай деп атап өткен Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына шұғыл мәлімдеме жолдап, қандастардың құқығы аяққа басылып, ұлттық мүддеге орасан зор нұқсан келіп жатқанын айтып, өзекті мәселені күн тәртібіне қойды.

Шынында депутат келтірген ресми статистикалық мәліметтер ел естімеген біршама сорақылықтардың судың бетіне шығарды. Үш министрліктің өзара келісімімен, ешқандай қоғамдық талқылаусыз және алдын ала хабарландырусыз енгізілген жаңа ережелер қандастар көшінің ағынын екі есеге қысқарып жіберген.

«Егер өткен жылдың алғашқы жарты жылдығында атамекенге оралып, ресми «қандас» мәртебесін алған бауырларымыздың саны 6 600 – 6 700 адамға жеткен болса, үстіміздегі жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш екі есеге жуық төмендеп, небәрі 3 300 адамды құраған. Яғни, атажұртқа бет түзеген қазақтардың саны қолдан жасалған кедергілердің кесірінен күрт азайып кеткен», – дейді депутат.

Есесіне, соңғы үш айдың ішінде ғана Ресей Федерациясының 14 мыңға жуық азаматы Қазақстаннан тұрақты тұру рұқсатын (ВНЖ) алып үлгерген. Оларға 10 жыл бойы ел аумағында емін-еркін тұруға, заңды жұмысқа орналасуға, жылжымайтын мүлік сатып алуға толық мүмкіндік беріліп отыр.

Үкімет «шетелдіктер үйінен шықпай-ақ, электронды қосымша арқылы интернетпен бірден тіркеле алады» деп мақтанғанымен, өз қандастарымызға келгенде, заңдық тұрғыдан қатал қыспаққа алғаны қоғамда үлкен наразылық тудыруда. Неге біз өз бауырларымызға қиындық туғызып, өзге мемлекет азаматтарына ресми тұрғыда құқықтарды оңай үлестіріп жатырмыз?», – дейді мәселенің байыбын ашып, көкірегін ашу-ыза кернеген депутат.

Жаңа пилоттық жоба бойынша, елге келетін қандастарға «Қазтест» жүйесі арқылы емтихан тапсыру міндеттелінген. Бұл талаптың астарында үлкен әділетсіздіктер шырматылып жатыр. Себебі, бұл емтихан базасы кезінде посткеңестік кеңістіктен келетін, орыс тілін жақсы білетін азаматтарға арналып, кириллица графикасында немесе ағылшын тілінде дайындалған. Мәжілісшінің пайымынша, бұл әлемнің әр түкпірінде тұратын, посткеңестік елдерден бөлек дәулеттерден сұрау салатын қазақтар үшін қасақана жасалған үлкен кедергі сияқты болып көрінеді.

«Қытайда, Өзбекстанда немесе Түркияда тұратын қазақтар ана тілінде өте таза сөйлейді. Бірақ кириллицаны білмейді! Олар жүйені ашқаннан жазбаның түсініксіз екеніне, бәрінің кириллицамен жазылғанына ренжіп жатыр. Сонда біз өз қандастарымызға қолдан қиыншылық туғызып отырмыз ба? Қалайша үш айда 14 мың Ресей азаматы қазақ тілінен тест тапсырып өте алады, ал өз қазағымыз сол белдеуден өте алмайды? Бұл ақылға сыймайды!», – дейді Мұрат Әбенов.

Депутаттың бұлайша күмән келтіруінің реті бар. Сол 14 мың ресейліктің қазақ тілінен емтихан тапсырып, өте қойғанына илану қиын. Міне, осы жерден тағы бір проблеманың басы қылтиып шығып тұр.

Депутаттың байқауынша, Үкімет тарапынан қандастар үшін қойылған тағы бір үлкен тосқауыл – олардың қоныстану географиясын күштеп шектеу. Бүгінде шетелден келген ағайынға Алматы, Шымкент, Қарағанды, Талдықорған сияқты ірі қалалар мен орталық, оңтүстік өңірлерге қоныстануға ресми түрде тыйым салынған. Тек қана солтүстіктегі 5-6 облыс белгіленіп, «осы жерге барсаң ғана құжат аласың, тек мынадай жұмыс істейсің» деген қатаң шектеу қойылған. Ал ондай шектеудің жоғарыда айтылып отырған «14 мың ресейлікке» қатысы жоқ.

Ресми дерек бойынша, елімізге тәуелсіздік жылдары 1 миллион 600 мың қандас келсе, олардың қазіргі табиғи өсімі мен жақындарын қосқандағы саны 3 миллионға жуықтап қалды. Шетелдегі ағайынды осы елдегі туыстары ешқандай мемлекеттік жәрдемақысыз-ақ, өз үйімен, өз жұмысымен қамтамасыз етуге дайын.

«Маған мемлекеттің ақшасы керек емес, тек заңды құжатымды беріңдер, мен Қарағандыға, Жезқазғанға не Көкшетауға барып, өз күнімді көремін» деген қазаққа Үкімет неге жағдай жасамайды? Қазіргі таңда, әсіресе Қытай Халық Республикасынан келетін қазақ жастарының білім сапасы өте жоғары. Қытайдағы мектеп бағдарламасы бойынша математика, химия, физика және IT саласы халықаралық олимпиадаларда алдыңғы орындарда. Ондағы колледждер мен университеттер ірі зауыт-фабрикалармен тікелей байланысып, жоғары деңгейлі техникалық мамандар даярлайды. Олар Қазақстанға келіп, өндіріс орындарын ашып, инвестиция құюға ниетті. Алайда, министрлік шенеуніктерінің «Мамандығы сай келмесе, ұлтына қарамаймыз, қабылдамаймыз» деген жауапсыз мәлімдемелері заңға да, ұлттық мүддеге де қайшы келеді», – дейді Әбенов.

Сондай-ақ ол Үкімет басшысының осы тұрғыдағы жеке жауапкершілікті сезінуі тиіс екенін әрі бүгінгі күрделі геосаяси жағдайда бізге халықтың санын көбейту, ұлттық бірегейлікті сақтау және ішкі демографияны нығайту ауадай қажет екенін түйсіну қажет екенін айтады.

Сырттағы бауырларымыз Өзбекстанда, Моңғолияда, Қытайда үйін сатып, жұмысын тастап, тәуекелмен атажұртқа келгенде, бюрократиялық пилоттық жобалармен оларды шеттету – үлкен қателік.

Осылай деп атап өткен Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Премьер-министр Олжас Бектеновтен мынадай шұғыл шараларды қолға алуды талап етеді:

*Қандастардың құқығын шектейтін, олардың санын азайтқан сәтсіз «пилоттық жобаны» тез арада тоқтату;

*Шетелдік мигранттар мен атажұртына оралған қандастарды бір деңгейге қоймай, екі бағдарламаны екіге бөлу;

*Қандастар үшін жеке мемлекеттік портал (сайт) және олардың ана тілін, графикалық ерекшелігін ескеретін бөлек емтихан (бейімдеу) жүйесін жасау;

*Мемлекеттен қаражат талап етпей, өз күшімен қоныстанғысы келетін қандастарға өңірлік шектеулерді алып тастау.

«Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл мәселені жеке бақылауына алып, министрліктердің халық наразылығын тудырған заңсыз әрекеттеріне тоқтау салуы тиіс. Ұлттық көші-қон саясаты өзге елдің азаматтарына емес, бірінші кезекте өз қандастарымызға қызмет етуі керек», – дейді депутат сөзінің түйінінде.

Таңбалар: азаматтыққандастарМұрат Әбенов

Ұқсас мақалалар

Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады
Жаңалықтар

Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

12.07.2026
Сербия Кадыровтың жиеніне берген азаматтықты қайта алып қойды
Жаңалықтар

Сербия Кадыровтың жиеніне берген азаматтықты қайта алып қойды

28.04.2026
Сербия билігі Рамзан Кадыровтың жиеніне азаматтық берді
Әлеумет

Сербия билігі Рамзан Кадыровтың жиеніне азаматтық берді

27.04.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist