25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сербия Кадыровтың жиеніне берген азаматтықты қайта алып қойды

28 Сәуір 2026 21:54
- Жаңалықтар, Құқық
Сербия Кадыровтың жиеніне берген азаматтықты қайта алып қойды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕОГРАД. 28 сәуір. Сербия билігі Рамзан Кадыровтың жиенін 5 күннен соң азаматтықтан шығарып тастады. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сербия үкіметі Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың жиені Якуб Закриевтің азаматтығын бар болғаны бес күн өткеннен кейін қайта жойып жіберді. Осыған қатысты шешімге Сербия премьер-министрі Джуро Мацут қол қойды.

Сербтің N1 газеті жазғандай, азаматтықты жою жөніндегі шешімде Закриевтің ұлттық қауіпсіздікке төндіретін ықтимал қатері жайында айтылған. Ал азаматтық оған басында «Сербия Республикасының мүддесі үшін» берілгені атап өтілген болатын.

Якуб (Ибрагим) Закриев – Рамзан Кадыровтың ең үлкен әпшесі Зулайдың ұлы. Ол 2018 жылы 27 жасында Грозный қаласының мэрі болып тағайындалған. 2020 жылы ақпанда республика лидері мен үкіметі әкімшілігінің басшысы болды. Содан кейін үкімет басшысының орынбасары және ауыл шаруашылығы министрі болып бекітілді.

2023 жылы шілдеде Закриев Danone компаниясының ресейлік бөлімшесінің президенті деген лауазым алды. Ол бұл қызметке Ресей президенті Владимир Путин француздың Danone концернінің акцияларын Росимуществоға уақытша басқаруға беру туралы жарлық шығарғаннан кейін барды. Осыдан кейін көп ұзамай ресейлік Danone кенет «Эйч энд Эн» акционерлік қоғамына айналып кетті. Артынша оның жеке тұлғаларға сатылғаны жайлы сөз қозғалды. Мәтбұғат мәліметінше, концерн активі «50-ге 50» форматымен Кадыровтың жиені және Татарстанның «Вамин» сүт холдингі арасында бөліске түсуге тиіс болған.

Закриевтің жоғары экономикалық білімі бар, ол МГУ-дің мемлекеттік аудиті жоғары мектебін бітірген.

Рамзан Кадыров жиенінің «Логика молока» компаниясы (бұрынғы «Данон Россия») Новосібірдің «Полярис» балмұздақ фабрикасын сатып алған. Бұл Шешенстан басшысы төңірегіндегі адамдар егелік етіп жүрген13-ші фирма болып отыр.

Таңбалар: азаматтықРамзан КадыровСербияЯкуб Закриев

Ұқсас мақалалар

Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды
Әлеумет

Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды

19.07.2026
Мұрат Әбенов: 14 мың Ресей азаматы өткен қазақ тілі сынағынан қазақ қалай өте алмайды?
Жаңалықтар

Мұрат Әбенов: 14 мың Ресей азаматы өткен қазақ тілі сынағынан қазақ қалай өте алмайды?

25.06.2026
Сербия парламентінің басшысы Ресейді «туыс» ел санамайтынын айтты
Жаһан

Сербия парламентінің басшысы Ресейді «туыс» ел санамайтынын айтты

25.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist