Бүткіл Түрікменстан аза үстінде: Бердымухамедов дүние салды
АШХАБАД. 19 сәуір. Бүткіл Түрікменстан жұрты аза жамылды: кеше Мяликгулы Бердымухамедов 89 жасында дүние салды. Бұл туралы түрікменнің ТДХ мемлекеттік хабар агенттігі хабарлады.
Қазасын ел халқы түгел аза тұтып жатқан Мяликгулы Бердымухамедов – Түрікменстанның қазіргі президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің туған әкесі. Ол 18 сәуір күні ұзаққа созылған науқастан кейін жантәсілім етті.
Осы уақытқа дейін Түрікменстан президенті ата-анасының образдары Гурбангулы Бердымухамедовке табынудың (культ личности) басты құралдарының бірі болып келді. Соларды көтеру, елден ерек етіп көрсету арқылы оның тұлғасы асқақтатылды.
2017 жылы Мяликгулы Бердымухамедовтің есімімен «Mälikguly Berdimuhamedow» деген медаль шығарылды, сол жылы президент әкесі мен оның ішкі істер министрлігіндегі қызметіне арналған «Mertler Watany beýgeldýär» («Мәрттер Отанын асқақтатады») деген кітабының тұсаукесерін жасады, бұдан кейін ішкі істердің №1001 әскери бөлімі мемлекет басшысы әкесінің атымен аталды.
Азаның қанша уақытқа созылары әзір белгісіз.