18 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды

13 Сәуір 2026 08:21
- Жаңалықтар, Құқық
Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 13 сәуір. Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар 72,7%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қол жеткізілген нәтиже Денсаулық сақтау министрлігінің құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруының арқасында мүмкін болды.

Ішкі бақылаудың заманауи құралдарын енгізуге және уәкілетті орган қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталған комплаенс-тәсілдерді дамытуға ерекше назар аударылуда.меди

Жүргізіліп жатқан жұмыс қазірдің өзінде оң нәтижелерін көрсетуде. Соңғы үш жылда денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалады:

2023 жылы — 11 айыптау үкімі;

2024 жылы — 13 құқық бұзушылық;

2025 жылы — 3 дерек.

Осылайша, 2025 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың саны 2024 жылмен салыстырғанда 76,9%-ға, ал 2023 жылмен салыстырғанда 72,7%-ға қысқарды. Бұл соңғы үш жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің 70%-дан астамға төмендегенін көрсетеді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың шеңберінде Ұлттық ғылыми онкология орталығының базасында Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдерінің арасында бірлескен кездесу өтті.

Іс-шара Денсаулық сақтау министрлігінің модерациясымен өтті. Спикерлер ретінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Н. Балғабеков, департаменттің бас маманы А.К. Айтуева, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік, жұмылдыру жұмыстары және мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің директоры Б.Ш. Бекбатыров сөз сөйледі.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру және адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері қаралды.

Іс-шараның басты мақсаты — денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру болды. Министрлік жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, туындайтын қауіптерге жедел әрекет етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіруде.

Таңбалар: деректержемқорлықмедицина

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда 7 жылдың ішінде 1 259 медициналық нысан қатарға қосылды
Әлеумет

Қазақстанда 7 жылдың ішінде 1 259 медициналық нысан қатарға қосылды

02.10.2026
Медициналық көрсеткіштері бойынша 10 мыңнан астам жүргізу куәлігінен айырылды
Әлеумет

Медициналық көрсеткіштері бойынша 10 мыңнан астам жүргізу куәлігінен айырылды

11.09.2026
Үкіметте медициналық қызметтің сапасын бақылауды күшейту тапсырылды
Әлеумет

Үкіметте медициналық қызметтің сапасын бақылауды күшейту тапсырылды

28.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist