25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путин Лукашенкадан Украинаға қарсы екінші майдан ашуды талап етіп отыр

24 Маусым 2026 22:57
- Жаңалықтар, Қоғам
Путин Лукашенкадан Украинаға қарсы екінші майдан ашуды талап етіп отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 24 маусым. Ресей президенті Владимир Путин Беларусьтің өзін өзі сайлап алған басшысы Александр Лукашенкаға Украинаға қарсы екінші майдан ашуды және НАТО-ға қарсы соғыста көмектесуді міндет етіп қойды. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Ресей армиясы Украинада түпкілікті тұрақтап қалды, енді Владимир Путин Александр Лукашенкадан жанжалды ушықтыра беруге көмектесуді талап етті. Мәскеу Украинаға қарсы соғыс науқанын кеңейте түсу үшін немесе НАТО елдеріне қарсы операциялар жүргізу үшін Беларуське биыл ертерек қысым жасай бастады», – деп әңгімеледі The Wall Street Journal газетіне бұрынғы және қазіргі ресейлік және еуропалық шенеуніктер. Бұл Еуропадағылар мен Киевтегілерге аян болып отыр.

Бұған дейін Эмманюэль Макрон мен Володимир Зеленський өз кезектерінде Лукашенкаға алдын ала ескерту жасап үлгерді, соның ішінде жұртқа естртіп те айтты.

Соңғы уақыттары Кремль, атап айтқанда. Украина Қарулы күштерін Ресейдің шығыс жақтарына соққы беруден аулақтату үшін Беларусь елінің территориясын Украина дрондарына соққы беру мен оның батыс өңірлеріне екінші майдан ашу үшін пайдалануға мүмкіндік беруді үзілді-кесілді талап етіп жатыр. Бұған қоса, Беларусь көрші елдерге – НАТО мүшелеріне қарсы соғыс операцияларына, – міндетті түрде ашық қақтығыс түрінде қатыспаса да, – қосыла алады деген нұсқау да беріліп тұр.

WSJ мәтбұғатына Мәскеу мен Минск арасындағы қарым-қатынас сипатына қанық Ресей арнаулы қызметінің бұрынғы қызметкері атап айтқандай, олай болмаған жағдайда Кремль белорус тарапына қаржылай көмектесуді тоқтатамыз деп қорқытып бағады, ал бұл жақтың экономикасы шынында орыстарға қашаннан қатты тәуелді болып келеді.

Франция президенті Эмманюэль Макрон мамыр айында Лукашенкаға қоңырау шалып, онымен бір жарым сағаттай уақыт сөйлескен. «Парижде Беларусь соғысқа қатысуын белсенді еткелі отыр деген ақпарат бар» деген Макрон Лукашенканы мұндай қадамға барудан қатты сақтандырды.

Сол мамыр айында Володимир Зеленський де Киевтің мұндай мәліметтерді алып отырғанын айта келіп, Ресей мен Беларусь арасында ресми тұлғалардың келіссөз жүргізе бастағанын білетінін жайып салды. Украин лидері өткен аптада да белорус басшысына көпшілік жүзінде ашық шығып, ел территориясында орналасқан украин қалаларына дрондар шабуылдарын бағыттап отыратын ресейлік ретрансляторларды бұзып, алып кету үшін бір жеті уақыт беретінін мәлімдеген болатын. «Олай болмаған күнде, Киев оларды өз күштерімен жайып жібереді» деді соңында украин лидері.

Таңбалар: Владимир Путинекінші майданЛукашенкаУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist