Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар
Дәрілер мен медициналық жабдықтар өзімізде жасалуы тиіс
АСТАНА. 1 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзімізге керекті барлық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың республикада жасалуы керек екенін мәселе етіп көтерді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
«Отандық фармацевтика саласын табанынан тік тұрғызу керек. Барлық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін», – деді Мемлекет басшысы.
Ол мұны бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауында айтты.