9 Шілде, 03:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үкіметте фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды

1 Мамыр 2026 21:16
- Дәулет, Жаңалықтар
Үкіметте фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 1 мамыр. Үкімет басшысы Олжас Бектенов кеше фармацевтика және медицина өнеркәсіптерін дамыту мәселелері бойынша кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді.

Жиынға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП басшылары, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Премьер-Министр денсаулық сақтау, фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту халықтың өмір сүру сапасы мен ұлттық экономиканың тұрақтылығына тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Адамға бағдарланған мемлекет қағидаты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қабылданған жаңа Конституцияның негізгі өзегіне айналды. Яғни, адам капиталын дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылды әрі ол Ата заңда нақты бекітілді. Бұл өз кезегінде отандық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін де тың тәсілдерді талап етеді», – деді Олжас Бектенов.

«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бүгінде елімізде 209 отандық өндіруші тіркелген, оның 43-і дәрілік заттар өндірісімен, 166-сы медициналық бұйымдар шығарумен айналысады. Қазіргі таңда 31 қазақстандық тауар өндірушімен 2 мыңнан астам фармацевтикалық өнім түрін жеткізу бойынша 83 ұзақ мерзімді шарт жасалған. 2025 жылғы желтоқсаннан бері 316,3 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылып, нәтижесінде 400-ге жуық дәрілік зат түрін шығару, 1,1 мыңнан астам жұмыс орнын құру және экспорттық әлеуетті кеңейту көзделген.

Үкіметтің қолдауымен уәкілетті органдармен бірлесіп, бағаны кезең-кезеңімен реттеу бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда бұл шара рецептсіз сатылатын 2,5 мыңға жуық дәрі-дәрмекті қамтыды, сондай-ақ құны 1 АЕК-ке дейінгі тағы 1,8 мың рецепт арқылы берілетін дәрі-дәрмек бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің талдауына сәйкес, биылғы 1 тоқсанда 631 дәрі-дәрмек түрі бойынша баға орта есеппен 24,6%-ға төмендеген. Сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды «бір терезе» қағидаты бойынша тіркеуді жеделдету тетіктері пысықталуда, бұл олардың нарыққа шығу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Дәрілік заттардың бағасын реттеу мәселелері бойынша фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Марина Дурманованың баяндамасы тыңдалды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылы елімізде фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 191,1 млрд теңгені құрады, 2024 жылмен салыстырғанда өсім 8,7%-ға артқан. Нарықтық ерекшеліктерді ескере отырып, отандық препараттарға баға белгілеу жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды.

«Еуразиялық медициналық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Сәуле Сатыбаева ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу мәселесін көтерді. Отандық өндірушілерге арналған преференцияларды күшейту және баға белгілеу бөлігінде ұзақ мерзімді шарттардың тұрақтылығын арттыру мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ отандық өндірістің бар екенін ескере отырып, дәрілік заттарды халықаралық ұйымдар арқылы сатып алу тетіктерінің ашықтығына ерекше назар аударылды.

Отандық медициналық техника өндірісін дамыту бойынша «Sintez-KZ медициналық холдингі» ЖШС директоры Игорь Рыбин ұсыныстар айтты. Аталған бастамалардың қатарында қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу практикасын жаңғырту, офтейк–келісімшарттарды енгізу және ҚР-да аккредиттелген сынақ зертханаларын құру бар.

Таңбалар: Олжас Бектеновотырысфармацевтика

Ұқсас мақалалар

Бектенов: Ұлы Даланың сан ғасырлық тарихы жалғасы Конституция өресінде бекіді
Жаңалықтар

Бектенов: Ұлы Даланың сан ғасырлық тарихы жалғасы Конституция өресінде бекіді

19.06.2026
Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келеді
Жаңалықтар

Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келеді

17.06.2026
Премьер Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды
Жаңалықтар

Премьер Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

08.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist