Армениядан әкелінген көлікті қалай тіркеуге болады?
АЛМАТЫ. 22 мамыр. Алматыда полиция департаменті Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жөніндегі сұрақтарға жауап беру үшін Call-орталық ашты. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
«Алматы қаласы полиция департаментінде тіркелу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алу үшін Call-орталық жұмыс істейді: 8-747-080-01-56; 298-50-71. «Шұғыл желі» жұмыс кестесі: 9.00-ден 19.00-ге дейін», – делінген хабарламада.
Осыған орай Алматы қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков былай деп түсіндірді:
«Үкіметіміздің қаулысы (Қазақстанға әкелудің және қазақстандықтардың Арменияда тіркелген жеке көлік құралдарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы ), қазақстандықтарға Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркеуге мүмкіндік берді.
Үкімет тұрғындардың 2020 жылдың 1 ақпанға дейін Армениядан әкелген автокөліктерді тіркеуге шешім қабылдады. Екіншіден, осы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында тіркеу жүргізу қажет. Үшіншіден, тек сол жақтағы басқару элементтері бар автокөліктер тіркеуге жатады. Төртіншіден, үш төлеммен шектеу туралы шешім қабылданды: тіркеу жарнасы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 мың 473 теңге және мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін – 7 мың 778 теңге.
Төлемдердің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды».
Ол сонымен қатар, спикер көлік құралдарын тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажеттігін айтып өтті:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) мемлекеттік тіркеу алымының төленгені туралы құжаттар ҚР Салық кодексінің 615-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің және мемлекеттік баждың 0,25% мөлшерінде;
3) Армения Республикасының уәкілетті органы шығарған көлік құралдарына арналған СРТС және МТНБ;
4) автокөлік құралдарын тіркеуге ұсынылған, мемлекеттік немесе орыс тілдерінен басқа тілде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған және аударманың дәлдігі туралы нотариустың немесе осындай әрекеттерді жасауға уәкілеттік берілген басқа адамның қолтаңбасы болуы керек;
5) арнайы жазбаларға келесі жазбалар енгізіледі: TСРА және «басқа тұлға үшін тіркеуге жатпайды»;
6) Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралында СРТС және (немесе) МТНБ жоғалған жағдайда, олардың жоғалу жағдайлары жазбаша түрде көрсетіледі;
7) МТНБ жоғалған жағдайда, көшірмесін беру бірыңғай ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізбестен оларды жасау арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген көлік құралдарын тіркеуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында меншік иесі ретінде көрсетілмеген адамдарға тіркеу жүргізілмейді
Арнайы мақсаттағы ұйымдардың мекен-жайы: №1 шағын ауданда орналасқан арнайы орталық; «Саялы» шағын ауданы, Ақ-Қайнар көшесі; № 2 арнайы орталық, Майлин көшесі, 85-те орналасқан; №3 арнайы орталық, «Құлагер» шағын ауданы, Серіков көшесі, 6; №4 арнайы орталық, «Қайрат» шағын ауданы, 181 («Жетісу» базары); № 5 арнайы орталық, «Кемел» шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118.