ҚЫЗЫЛОРДА. 1 қыркүйек. Қызылорда облысының Арал ауданында демалыста жүрген полиция қызметкері кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қызылорда облысында полиция қызметкерінің қаза болғаны туралы ақпарат тарады. Өңірдің полиция департаменті қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты», – делінген хабарламада.
Telegram-дағы egovpress арнасының мәліметінше, 1988 жылы туған полиция қызметкерінің денесі жеке үйдің ауласындағы гараждан зорлық-зомбылық белгілерімен табылған.
Осыған байланысты Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне ресми түсіндірме берді.
«Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары келтіріліп, салдарынан ол көз жұмды. Оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстау жөнінде шаралар қабылданып жатыр», – деп хабарлады полициядағылар.
Полицияның мәліметінше, күдікті бұған дейін отбасылық-тұрмыстық қатынастарға қатысты құқық бұзушылықтары үшін марқұм учаскелік инспектор тарапынан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.
USD




