22 Тамыз, 08:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

НЕМЕСЕ БІРІНШІ ВИЦЕ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ АТ ҮСТІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ 100 КҮНІ  

9 Тамыз 2026 08:53
- Жаңалықтар, Қоғам
Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Мемлекеттік басқарудың кабинеттік, технократтық стилі ескіріп, қоғам нақты нәтижені талап ете бастаған тұста, Қазақстанның саяси сахнасына жаңа сипаттағы басқарушылар толқыны келді.

Бұл тенденцияның басында аймақтық мектептен шығып, бүгінде Үкіметтің драйверіне айналған бірінші вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаев тұр.

Оның Үкіметтегі алғашқы 100 күні мен атқарған қызметі саяси сарапшылар мен журналистердің назарын ерекше аударып отыр.

Ендеше, талдап көрейік.

Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның атқарушы билігі «кабинеттік бюрократияның» шеңберінен шыға алмай келгені рас. Тіпті кеткен режимнің  жоғары лауазым иелері аймақтарға ірі жобалардың лентасын қиюға барып, қошаметке бөленіп қайтатын еді. Ол замандаға лентасы қиылып, жоғалған жобалар әлі ел аузында.

Одан кейінгі кезеңде де ара-тұра өңірлерге іссапарлар болғанмен, негізгі басқару ісі елорданың еңселі есіктерінің ар жағында, үлкен кабинеттерде жүргізілетін. Онда стратегиялық жоспарлар құрылып, өңір дамуы тек қағаз жүзіндегі есептермен бағамдалып, статистикалық цифрлардың қимыл-қозғалысына мән берілетін.

Естеріңізде болса, Жаңа Қазақстанның алғашқы батыл өзгерісін Қасым-Жомарт Тоқаев статистика саласына реформа жасаудан бастады. Президент самсаған сандары мен шырылдаған шындығы қабыспайтын Статистика комитетін Үкіметтің ықпалынан шығарып, Президентке бағынышты цифрландырылған, «Ұлттық статистика бюросы» етіп қайта құрды.

Соңғы жылдары осы тәуелсіз статистика жүйесі анықтаған өңірлердің нақты көрсеткішінде Қызылорда облысы барлық салалар бойынша алға озып шықты. Президент аймақ дамуының екпінді қадамдарын жоғары бағалап, прагматик менеджер Нұрлыбек Нәлібаевтың беделі биіктеді.

Осындай ерен қабілет Нәлібаевты Сыр өңірінен Үкіметтің төріне оздырды.

Нәлібаев келгеннен Президенттің талабын, қоғамның тынысын дөп басты. Мықты аналитик менеджер ретінде табиғатында сылбыр тірлікті бұзып жарып жүретін қасиетімен, өңірлік деңгейде жан-жақты дамудың жаңа моделін көрсете білді. Бір сөзбен айтқанда, Нәлібаев – өңірлік мектептің шыңдауынан өткен кадр. Қызылорда облысын басқарған жылдары ол аймақтың тек экономикасын ғана емес,, сонымен бірге ауыл шаруашылығын, мәдениетін, руханияты мен ұлттық құндылықтарын қатарластыра дамытудың бірегей прецедентін жасаған басқарушы.

Сондықтан да мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақы басқарып жүрген Нұрлыбек Нәлібаевты бірінші вице-премьер лауазымына лайық көрді. Жаңа вице-премьер жоғары лауазым креслосына отырғанымен, алғашқы 100 күні сыртта өтті. Енді, міне, сол 100 күннен бері «аттан түспей», арқырап, аймақтарды үздіксіз аралап жүр. Бұл тек ресми танысу сапарлары емес, бұл еліміздің әр тарапына жалғасқан межелі жолдар. Мақсат – мемлекет қаржысы бөлінген ірі инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйін білу, ірі жобалардың жүзеге асырылу барысын бағамдау, кем-кетігі болса қатаң ескертіп, істің ортасына өзі барып, көзімен көру. «Маған тек кемшілікті көрсетіңдер, мақтангершілікті емес» дейтіні сол.

Нәлібаевтың стилі – шынайы іс басында басқару принципіне негізделген. Бұл – қазақстандық мемлекеттік басқару саласындағы ерен жаңалық.

Нәлібаев мәселені хаттамалардан емес, құрылыс алаңындағы шаң мен топырақтың ортасында тұрып, мердігерлер мен жергілікті шенеуніктердің ісіне қарап, көзіне қарап анықтайды.

Оның басқару өнеріндегі ерекше қолтаңбасы – салқын қабағымен де, салмақты бір ауыз сөзімен де тәртіп орната алуында. Бұл – айғай-шуға немесе жасанды пиаршыл «қабақ» емес, бұл ел мен халық игілігі жолында Президент белгілеген тапсырмаларды нақты әрі сапалы орындауда заң мен жауапкершіліктің темірдей тәртібін сездіру тәсілі.

Әрине, осы үлгі енді тұтас Қазақстан бойынша басқару моделіне айналу керек. Саясат тілімен айтсақ, бұл – жан-жақты дамудың «синхронды және теңгерімді даму» моделі.

Президент Тоқаевтың ұлттық код пен рухани құндылықтарды экономикалық прогреспен ұштастыра дамыту стратегиясын тактик Нәлібаев осылайша  жүзеге асыруды қолға алды. Және өзінің аймақта жиған үздік тәжірибесін, халықтың нақты тыныс-тіршілігін сезіну қабілетін республикалық деңгейдегі ірі жобаларды үйлестіруге тиімді пайдаланып жатыр.

Мен бұл құбылысты қос феноменнің үндесуі дер едім.

Тоқаевтың стратегиясы және Нәлібаевтың тактикасы қазіргі Қазақстанның саяси-экономикалық жүйесіне елеулі сілкініс келтіріп отыр.

Тоқаев феномені әлем саясатына құбылыс боп еніп, мемлекетіміздің дамуында стратегиялық трансформация жасады, меритократия кадр бағалау, адамның, еңбектің құнын білу, ішкі, сыртқы саясатты теңгерімде ұстау үрдісін әкелді.

Ескі олигархиялық және кландық жүйені бұзды, билікке жаңа саяси мәдениет әкелді. Сондай-ақ нақты іспен, нәтижемен көрінген аймақтық кадрларға жол ашты.

Ал Нәлібаев феномені – бұл атқарушы биліктің тактикалық драйвері. Егер Президент стратегиялық бағытты айқындап, реформалардың шеңберін сызып берсе, Нәлібаев сол реформаларды жергілікті жерде іске асыратын, идеяларды нақты зауыттарға, жолдарға және әлеуметтік нысандарға айналдыратын «іс адамы».

Әр істе кедергілерді бұзып-жарып, шешім қабылдай алатын батылдығы тағы бар.

Енді міне, бірінші вице-премьер лауазымындағы 100 күндік жолында да   дара қабілетін арда азамат дәлелдеді.

Бұл қос феноменнің үндесуі мемлекеттік басқарудың жаңа сапасын тудырды, ол жоғарыда – салмақты стратегия, төменде – қатал, тиімді және нәтижелі атқарушы билік.

Енді Нәлібаев жүріп өткен 100 күн – бүгін мен ертеңгі Қазақстанға не береді?

Ең бастысы, шенеуніктер корпусында «жауапкершіліктен қашып, кабинетте тығылып отыру мүмкін емес» деген түсінік қалыптасты.

Бұл өзгерістер алдағы уақытта Қазақстан билігінің сапалық деңгейін мүлдем басқа сатыға көтеруі тиіс. Нәлібаев сияқты кадрлардың Үкіметтің жоғарғы буынында болуы мемлекеттік басқару жүйесінде дербес жауапкершілікті  нығайта түспек.

Журналистік пайым тұрғысынан түйіндесек, Нұрлыбек Нәлібаевтың Үкіметтегі белсенді қызметі мен оның басқару стилі – уақыт талабынан туындаған құбылыс. Президенттің талабы да осы.

Халыққа нақты нәтиже, сапалы жол, тұрақты жарық пен жылу, өсу мен өренндеу һәм әділетті қоғам керек.

Нәлібаев жасаған серпінді «жүз күн» алдағы уақытта мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік басқарушылардың, барлық деңгейдегі шенуниктердің жаңаша жұмыс істеуіне талапты өзгертері анық.

Айткүл ШАЛҒЫНБАЕВА

Таңбалар: 100 күнНұрлыбек НәлібаевПремьер-министрдің бірінші орынбасары

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты
Аймақ

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты

13.08.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбеде стратегиялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбеде стратегиялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты

05.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты

  • Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist