КИЕВ. 26 шілде. Украина Сыртқы істер министрі Ондрий Сибига Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соғысты тоқтатуға шақырған мәлімдемесіне орай өзінің ойын жеткізді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Украина СІМ басшысы Ондрий Сибига Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кремльді соғысты тоқтатуға шақыруын «шынайы және кемеңгерлік ұсыныс» деп атады.
«Украина ұсыныспен келіседі, бірақ Ресей келіспейді, ол соғысты жалғастыра беруді қалайды», – деді ол.
Министрдің түсіндірмесі украин сыртқы істер ведомствосының Facebook-аккаунтында жарияланды.
Тоқаев Кремльдің қожайыны Владимир Путинмен бірге қатысқан баспасөз мәслихатында маңызды мәлімдеме жасады. Ол бес жылдан бері Ресей мен Украина арасында жүріп жатқан соғыстың табиғатын түсінбейтіндерін айтып, ұрыс қимылдарын тоқтату үшін екі жақты келіссөз үстеліне отыруға шақырды. Сибига Украина Қазақстан басшысының ұсынысын жоғары бағалайтынын атап өтті.
«Уақытында айтылған шынайы және кемеңгер үндеу. Украина соғысты қазіргі майдан шебінде тоқтатып, дипломатияға көшуді ұсынған, бірақ Кремль бейбітшілікке бастайтын жолды таңдаудан бас тартуын жалғастырып келеді», – деді министр.
Сибига өз сөзінде Тоқаевтың бұл ұсынысына Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың аузымен үзілді-кесілді қарсылық білдірілген жауап бергенін атап өтті. Ол қысымды күшейту арқылы ғана Мәскеуді өз позициясын өзгертіп, бейбітшілікке келісім беретінін сеніммен жеткізді.
Dialog.ua осының алдында Мәскеудің жақын одақтастары арасынан Қазақстанның бірінші болып соғысты тоқтату қажеттігі жөнінде ашық айтқанын жазған еді.
USD




