ЕРЕВАН. 8 маусым. Арменияның Орталық сайлау комиссиясы электронды дауыс беру нәтижелерін есепке ала келіп, Ұлттық жиналысқа 3 партияның баратынын мәлімдеді. Бұл туралы «Новости-Армения» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Сайлаудың алдын ала нақтыланған қорытындысы бойынша «Азаматтық келісім» партиясы – 49, 825% , «Күшті Армения» блогы – 23,281%, «Армения» блогы 9,934% дауыс алды», – деді ОСК төрағасы Ваагн Овакимян (суретте) брифингте.
Оның айтуынша, «Гүлденген Армения» партиясы 3,996% ғана дауыс жинап, ең төменгі шекті белдеуді еңсере алмаған.
Осылайша, 2026 жылғы 7 маусымдағы сайлауға қатысқан 18 саяси күштің 15-і Парламентке өтудің ең төменгі шегінен өтпеген. Шектеулер партиялар үшін – 4%, екі партиядан тұратын блоктар үшін – 8%, үш немесе одан да көп партиялардан құралған блоктар үшін 10% болды.
Армения ОСК мәлімет бойынша, сайлауда 2 503 974 адам тіркелген. Олардың дауыс беру көрсеткіші 58,94%-ды құрады. Оған 1 477 736 сайлаушы қатысты.
Парламенттегі 101 мандат шектеу белдеуінен өткен 1 партия мен 2 блоктың арасында олардың пайыздық үлестеріне қарай бөліске түседі.
Осылайша Ресей басшылығының Пашинян партиясына қарсы әрекеттері өз мақсатына жете алмады. Мұнда да таяуда Венгрияда өткен парламент сайлауындағы жағдай қайталанды. Кремль тағы жеңілістің ащы дәмін татты.
USD




