БРЮССЕЛЬ. 30 мамыр. Солтүстік альянс Румыния жеріне келіп құлаған Ресейдің ұшқышсыз ұшағы екеніне көз жеткізгендерін мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
НАТО Кишинеудің Румынияда тұрғын үйге құлаған дронның Ресейден ұшып шыққаны жөніндегі байламымен келісті. Румыния президенті Никушор Дан аталмыш «қаңғыбас» дронды Украинаның Әуе қорғанысы әскерлері атып түсіргенін атап көрсетті.
Альянстағылар румынның Галац қаласындағы бір тұрғын үйге соқтығысқан дронның Ресейдікі екенін анық айтып отыр. Мұны 29 мамыр, жұма күні AFP ақпарат агенттігіне берген түсіндірмесінде НАТО-ның Еуропадағы Біріккен Қарулы күштері жоғарғы бас қолбасшылығының өкілі Мартин О ‘Доннелл баяндады.
29 мамырға қараған түрі Украинамен шекарада орналасқан Галац қаласының тұрғын үйінің 10-қабатындағы пәтерден өрт бұрқ ете қалған, салдарынан екі адам зардап шеккен.
Румыния Қорғаныс министрлігі әңгіменің Ресей ұшқышсыз ұшағы аппараты жөнінде болып отырғанын жеткізді. Ведомство басшысы Раду-Динел Мируцэ журналистерге дрон сынықтарындағы нөмір сериясының оның Ресейден шығарылған аппарат екенін айдан анық көрсетіп бергенін айтты.
Осыған байланысты Бухарест инциденттің халықаралық норманы бұзушылық екенін атай отырып, НАТО-дан әуе қорғанысы күштерін күшейте түсуді сұрады.
Ел президенті Никушор Данның айтуынша, ресейлік дронды Галацтағы үйге келіп қойып кетуден бұрын украина әуе қорғанысы атып құлатқан. «Ол қашан (дрондар – ред.) Украина аумағы арқылы өтті – белгісіз, белгілісі – олардың кейбіреулері сол бойда атып түсірілген. Олардың біреуі Руди қаласының үстінен өтіп, траекториясын өзгертіп, Галацқа қарай ұшқан», – деді ол мәтбұғат мәслихатында.
Сонымен бірге, Румыния басшысы елдің Украинамен шекаралас қаласындағы тұрғын үйге соққы берудің жауапкершілігі анық Ресейде жатқанын атап өтті.
Оқиғадан кейін Ресей Федерациясының Констанцадағы бас консулына «persona non grata» жарияланды, енді консулдықтың өзі жабылады.
Ресей президенті Владимир Путин Астанада өткен баспасөз мәслихатында бұл дронның өздерінікі екеніне күмән келтірген еді.
«Ұшақтың сараптамасы толық жүргізілгенге дейін оның немесе басқа осындай аппараттардың қайдан шыққанын ешкім дөп басып, айтып бере алмайды», – деді ол.
USD




