НЬЮ-ЙОРК. 20 мамыр. АҚШ билігі РФ-ның Украина дрондары қаупіне орай Балтық елдеріне қоқан-лоққы жасауына жол бермейтінін айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
БҰҰ жанындағы Ресей Федерациясының тұрақты өкілі Василий Небензя Украина Ресейге шабуыл жасайтын ұшқышсыз ұшақтарын Балтық елдерінен ұшырмақшы болып отыр дегенді айтты. Бұған Латвия өкілі бірден «ойдан ойқастап шығарылған құрғақ қиял» деп жауап қайтарды.
Осы жерде АҚШ өкілі ресейліктердің дүрлігістеріне қарсы шығып, мұндай қауіптің бекер екенін алға тартты.
Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензя сейсенбі, 19 мамыр күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Кремльде Латвия мен Балтық бойы басқа елдерінің «Украина дрондарын ұшыруды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат бар» деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, «НАТО-ға мүшелік бұл мемлекеттерді жауапқа тартылудан қорғай алмайды». Небензя Киев Латвияға украиналық UAV бөлімшелерін жіберген дегенді айтты. Ол сондай-ақ «ресейлік барлау мұндай дрондардың ұшыру орындарын анықтай алатынын» да атап өтті.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Латвия өкілі Санита Павлюта-Десландес Ресейдің тұрақты өкілінің мәлімдемесін «құрғақ қысастық» деп қабылдамады.
Украинаның тұрақты өкілі Андрей Мельник те осындай баға берді, ол сонымен бірге Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Украинаның бейбіт тұрғындарына жасаған шабуылдары соғыс басталғаннан бергі ең қауіпті кезеңдердің біріне айналдырғанын атап өтті.
АҚШ Ресейдің бұл қоқан-лоққысын айыптады. АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Тэмми Брюс БҰҰ-ның «кеңес мүшелеріне қауіп төндіретін орын емес» екенін ескертті және АҚШ-тың НАТО алдындағы барлық міндеттемелерін мүлтіксіз орындайтынын атап өтті.
Өз кезегінде Еуропадағы біріккен НАТО Қарулы күштерінің Жоғарғы қолбасшысы Алексус Гринкевич Латвияға тағылған айыптарды «кәдуескі ресейлік қитұрқылық» деп атады.
USD




