25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері болып бекітілді

28 Қаңтар 2026 22:35
- Жаңалықтар, Сайыс
Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері болып бекітілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 қаңтар. Белгілі маман Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстан футбол федерациясы ел құрамасының бас жаттықтрушысы болып Талғат Мәруанұлы Байсуфиновтың тағайындалғанын ресми түрде жария етті.

Бұған дейін Талғат Байсуфинов біраз уақыт Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы міндетін уақытша атқарушы болып келді. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірнеше матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан терме жамағаты Лихтенштейнді (4:0) жеңіп, Солтүстік Македониямен (1:1) және Бельгиямен (1:1) тең түсті.

«Талғат Байсуфинов 2016–2017 және 2020–2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін екі рет атқарған. Сондай-ақ ол отандық бірнеше футбол клубтарын жаттықтырды: «Есіл-Батыр» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал). Бұдан бөлек, Қазақстанның жастар құрамасымен де жұмыс істеген» деп жазылған ҚФФ жарияланымында.

Талғат Байсуфинов 1968 жылы 4 қыркүйекте футбол дәстүрі қашанда ерекше болған Павлодар қаласында дүниеге келген. Ойыншы ретінде мансабын ол жартылай қорғаушы ретінде бастады. 1992 жылдың маусымында Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының Түрікменстанға қарсы алғашқы ресми матчында алаңға шықты.

1990 жылдардың соңында ойын мансабын аяқтап, өзі туып-өскен Павлодарда жаттықтырушылық қызметке кірісті. Ол алдымен жергілікті команданың қосалқы құрамымен жұмыс істеді, содан кейін негізгі командада бас жаттықтырушының көмекші болды, соңынан бас жаттықтырушы болып бекітілді. 2008-2014 жылдары «Ертісті» басқарып, клубты жаңа деңгейге көтерді. Оның командасы тұрақты ойнады, 2010 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін және 2012 жылы күміс жүлдені жеңіп алды, сөйтіп, еурокубоктарға шықты.

Футболшы ретіндегі мансабында «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Екібастұз», «Жетісу» және «Восток» клубтарының намысын қорғады.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте ол Қазақстан ұлттық құрамасына уақытша жаңа бапкер болып тағайындалған еді.

Тағы бір жайт, Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасын 2016-2017 және 2020-2022 жылдары екі рет басқарған болатын.

Таңбалар: құрамаТалғат Байсуфиновфутюол

Ұқсас мақалалар

Испания экс-премьері Франция құрамасы жайлы сөзі үшін сынның астында қалды
Әлеумет

Испания экс-премьері Франция құрамасы жайлы сөзі үшін сынның астында қалды

13.07.2026
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов қызметінен кетті

22.06.2026
Байсуфиновтың оралуы ұлттық құраманы ірі жеңіске жеткізді
Жаңалықтар

Байсуфиновтың оралуы ұлттық құраманы ірі жеңіске жеткізді

10.10.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist