17 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Испания экс-премьері Франция құрамасы жайлы сөзі үшін сынның астында қалды

13 Шілде 2026 19:53
- Әлеумет, Жаңалықтар
Француздар әлем чемпионатының жартылай финалына бірінші болып шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МАДРИД. 13 шілде. Испанияның бұрынғы премьер-министрі, консерватор Мариано Рахой Франция құрамасында «француздар жоқ» екенін айтып, қоғам тарапынан қатты қарсылыққа тап болды. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Көпшілік қазір әлем чемпионатына қатысып жатқан Франция құрама командасы сапында жергілікті француз миллетінің өкілдерінен гөрі қара нәсілді футболшылардың көп екенін меңзеген испан үкіметінің бұрынғы басшысының сөзінен расизм мен ксенофобияның салқынын көріп жатыр.

Жанжалға Мариано Рахойдың испанның El Debate онлайн-басылымына 10 шілде күні жариялаған бағаны себеп болды. Онда экс-премьер 15 шілдеге қараған түнде өтетін жартылай финалдық матчта испандармен кездескелі тұрған Франция құрамасы жайлы ойын ортаға салады. Ол бұл команданың қаһарлы қарсылас екенін айта отырып, оның құрамында «бірде-бір француз ойыншысы жоқ» деп салды.

Испанияның іс басындағы үкімет басшысы, социалист Педро Санчес өзінің ізашарын осы сөзі үшін қатты сынға алады.

«Елдердің азаматтарын ата-тектеріне, туған жерлері мен терісінің түсіне қарай анықтайтындар әлі күнге дейін бар. Басқалар болса, оның елге жақындығының деңгейі мен оның өмірін жақсартуға қосқан үлестеріне қарай өлшейді, – деп жазды Санчес Х әлеуметтік желісінде. – Испания – өзінің игілігі жолында кім еңбек етсе, соныкі. Өзінің ксенофобиялық сөздерімен елді масқаралап жүргендердікі емес. Ал Франциямен жартылай финалда кездесеміз. Кім күшті – сол жеңсін, тек расизм жеңіліске ұшырайды».

Санческе Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте де қосылды. Ол 1939-1975 жылдары Испанияның диктаторы болған Франсиско Франконың оңшыл авторитарлық режимін еске түсіріп, Рахойды «пост-франколық нақұрыс» деп атады.

Испан экс-премьерінің сөзі Францияда да үлкен резонанс шақырды. Елдің ішкі істер министрі Лоран Нуньес BFMTV телеарнасына берген сұхбатында Рахойдың сөзін «басқа сыймайтын былшыл» деп бағалады. Бұдан басқа да сынап жатқандар аз емес.

Францияның Мадридтегі елшілігі әлеуметтік желілерде: «Франция құрамасының барлық футболшылары – француздар. 26 ойыншының 23-і Францияда туған. Сыртта туған үшеуі де – француздар» деп жазды.

Таңбалар: құрамаМариано Рахойфранция

Ұқсас мақалалар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Жаңалықтар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19.07.2026
Француздар әлем чемпионатының жартылай финалына бірінші болып шықты
Жаңалықтар

Француздар әлем чемпионатының жартылай финалына бірінші болып шықты

10.07.2026
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының соңғы матчында ұтты
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының соңғы матчында ұтты

08.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist