17 Қазан, 10:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Байсуфиновтың оралуы ұлттық құраманы ірі жеңіске жеткізді

10 Қазан 2025 22:04
- Жаңалықтар, Сайыс
Байсуфиновтың оралуы ұлттық құраманы ірі жеңіске жеткізді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 10 қазан. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде өз алаңында Лихтенштейнді қабылдап, 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Бұл туралы «Футбол на Куличках» сайты ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстан – Лихтенштейн 4:0 (2:0)

10 қазан. Астана. «Астана-Арена», 26 539 көрермен.

Төреші: Павел Рачковски (Польша)

Қазақстан: Мұхаммеджан Сейсен, Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым, Нұралы Әліп (Әділбек Жұмаханов, 82), Ян Вороговский (Наурызбек Жагоров, 75), Бақтияр Зайнутдинов (Дінмұхаммед Қараман, 62), Исламбек Қуат, Максим Самородов, Рамазан Оразов (Георгий Жуков, 75), Ғалымжан Кенжебек (Иван Свиридов, 62), Ислам Чесноков.

Лихтенштейн: Берьямин Бюхель, Николас Хаслер (Сандро Вольфингер, 60), Северин Шлегель (Йонас Вайссенхофер, 69), Йенс Хофер, Макс Геппель, Эмануэль Цюнд, Алессио Хаслер, Зимон Люхингер, Арон Зеле (Ливио Майер, 69), Фабио Нотаро (Деннис Саланович, 89), Кенни Киндле (Ферхат Саглам, 46).

Голдар: Ғалымжан Кенжебек (26, 59), Бақтияр Зайнутдинов (28), Әлібек Қасым (81).

Ескертулер: Йенс Хофер (1), Максим Самородов (31), Бақтияр Зайнутдинов (41), Эмануэль Цюнд (72).

Команданы алаңға оның жаңа бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов бастап шықты. Бұған дейін ол 2016-2022 жылдары құраманы басқарған еді.

«Қазақстан құрамасының тізгінін Талғат Байсуфинов алды, жаңа да бұрынғы жаттықтырушының қол астында «қаршығалар» сенімді түрде жеңіске жетті. Лихтенштейн Астанада көп нәрсе көрсете алмады. Алаң иелері бірінші таймның бірінші жартысында қарсыласып баққан қарсыластарын өздерінің шабуылдарымен басып тастады», – деп жазды «Футбол на Куличках».

Дегенмен, Ғалымжан Кенжебектің 26-минутта алыс «тоғыздыққа» топ ете түмкен керемет голынан кейін бәрі кілт өзгеріп сала берді. Арада екі минут өткеннен кейін әлі естерін жинай алмай жүрген меймандар жақын жерден Бақтияр Зайнутдиновтің ұрған добына да тосқауыл қоя алмады. Олар ойынның бірінші бөлігі бітуге жақындаған кезде тартысты қыздыра түсетіндей мүмкіндікке ие болды, соның орайында Йенс Хофердің қақпаға кіріп бара жатқан добына Әлібек Қасым қайтарып үлгерді.

Лихтенштейндіктер екінші таймда матч тізгінін алаң иелеріне алаңсыз беріп қойды. Осы тұста қазақстандықтардың есепті ұлғайтатын мүмкіндіктері де көбейе түсті, бірақ олардың біразы тиімді пайдаланылмай жатты. Тек Ғалымжан ғана 59-минутта тағы бір гол соғып, дубль жасап, есепті 3:0-ге жеткізген еді. Ал 62-минутта оның орнына алаңға шыққан Иван Свиридовтің бір өзі дәл сондай үш сәтті босқа жіберді.

Әйткенмен, алаң иелері төртінші допты соғудың ретін келтіре алды. Оны қақпа алдындағы қарбаласта Әлібек Қасым көп ішінен саңылау тауып, қақпаға қарай жөнелтіп үлгерді.

Сөйтіп, Талғат Байсуфиновтің жаңа цикл кезінде қолға алған командасы бірінші ойынында ірі жеңіске жетті. Осы квалификация турнирінде біздің құрама екінші рет ұтысқа шықты. Мұның біріншісінде де ол Лихтейнштейнді тізе бүктірген еді. Қарсыластар алаңында өткен матчта жігіттеріміз 2:0 деген есеп тіркеген болатын. Голдарды Максим Самородов пен Александр Марочкин салды.

Қазақстан құрамасы енді келесі турдың ойынын 13 қазан күні Солтүстік Македониямен қарсыластар алаңында өткізеді.

Таңбалар: қазақстан құрамасыТалғат Байсуфиновфутбол

Ұқсас мақалалар

Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді
Жаңалықтар

Тоқаев шахмат олимпиадасында екінші орын алған Қазақстан құрамасын құттықтады

28.09.2026
Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды
Дәулет

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды

12.09.2026
Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist