ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Санду Молдованың Румынияға қосылғанын қалайтынын ашып айтты

ЛОНДОН. 12 қаңтар. Молдава президенті Майя Санду өз елінің Румынияға қосылуына арналған референдум өтсе, идеяны қолдап дауыс беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Молдован жерінің лидері Румыния осындай референдум өткізе қалған жағдайда өз елінің сол жаққа қосылғанын қалайтынын жеткізді. Ол осы арқылы НАТО мен Еуропа одағының мүшесі бола алатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы өзінің бұл позициясын Ресей тарапынан ұдайы болып тұратын қысым мен бопсалардан құтылуға ұмтылу әрекеті деп түсіндірді.

«Егер қазір референдум өтетін болса, мен біздің Румынияға қосылуымызды қолдап дауыс берер едім», – деді ол Британияның The Rest is Politics подкастына берген сұхбатында.

Санду бұған дейін Мәскеуді Молдованың ішкі ісіне араласа беретіні үшін бірнеше рет айыптаған еді. «Қазір әлемде не болып жатқанын қараңыздар. Молдова секілді кішкентай елге егемен мемлекет ретінде демократияны сақтап, аман шығу, әрине, басқыншы Ресейге қарсы тұру барған сайын қиындай түсуде», – деп атап өтті ол.

Қазір Молдова тұрғындарының басым бөлігі елдің Румынияға қосылуын қолдап отыр. Кезінде бірі Молдова кінәздігі, бірі Валахия кінәздігі болып қатар тіршілік еткен бір тілді халық қайта бірігуге құштар. Бұған ең алдымен Ресейдің Бессарабия аумағына жасап отырған агрессиялық саясаты, соның арқасында туындаған Днестр жағалауындағы жұрттың сепаратистік көңіл күйі мәжбүр етуде. Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, осы кезде Молдованың 2,4 млн халқының 1,5 миллионға жуығы Румыния азаматтығын алып қойған. Ал Румыния тұрғындарының саны 19 миллионнан асады. Егер молдовандар олармен бірігетін болса, бірден НАТО мен Еуропа одағының мүшелері болып шыға келеді.

Майя Санду екі елдің қосылуы шынайы шындық екенін айтады. Ол Молдова халқының 70 пайыздан астамы осы идеяның жағында екенін алға тартады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button