25 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пашинян Путиннің ЕО-ға өту үшін референдум өткізу жөніндегі талабымен келіспеді

1 Маусым 2026 22:50
- Жаңалықтар, Қоғам
Пашинян Путиннің ЕО-ға өту үшін референдум өткізу жөніндегі талабымен келіспеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 1 маусым. Хай елінің премьер-министрі Никол Пашинян РФ диктаторы Путиннің Армения ЕО-ға кіру үшін жедел референдум өткізуі керек деген талабына пысқырған жоқ. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қазіргі уақытта Арменияның ЕАЭО-дан шығу мен Еуропа одағына кіру үшін референдум өткізуіне еш негіздеме жоқ», деп мәлімдеді ол.

Бұған дейін Ереванға мұндай талапты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қойған болатын, Кремль көсемі тек осы жағдайда ғана екі ел бір-бірімен «жайлы, ақылды және өзара тиімді» қалыпта қоштаса алады дегенді білдірді. Бірақ Мәскеудің мұнымен тынши қоймайтынын армян лидері өте жақсы біледі.

Пашинянның айтуынша, мұндай референдумды өткізу Армения мүшелік мәселесі бойынша ЕО-ға ресми түрде жүгінгенге, тіпті үміткер мәртебесін алуға жақындағанға дейін «еш қисынды бола алмайды».

«Іс жүзінде біздің халыққа бір таңдаудың немесе бір жолдың соңынан жүруді ұсынатын негізіміз жоқ, тепе-теңдік әлі қалыптаспаған. Қазір бұл таңдау тек теориялық тұрғыда ғана тұр, ал қиялдағы теориялық таңдауды референдумға ұсыну оншалықты ақылдылыққа жатпайды, ол дұрыс емес және негізсіз нәрсе», – деді Пашинян өзінің Facebook-тегі видеоүндеуінде.

«Ереван әзірге ЕАЭО-да байсалды және салқынқанды режимде жұмыс істеуді жалғастыра береді, онда әлі пайдаланылмаған әлеует сақталады», деп сөзін толықтырды премьер. Оның айтуынша, РФ-мен қарым-қатынас өзгеру кезеңінде тұр, ал Хайастанның экономикалық саясаты «тәуелсіздік – көптеген тәуелділікті бірқатар тәуелділікпен алмастыру» қағидатына сай келеді.

«Біз ЕАЭО мен ЕО арасындағы таңдау сөзсіз болғанша ЕАЭО-да жұмыс істейміз және жұмыс істеуді жалғастырамыз. Шешімді, әрине, Армения халқы кезі келгенде референдум арқылы қабылдауы керек», – деді Пашинян.

Өткен аптада Кремль ЕАЭО елдері көшбасшыларының бірлескен мәлімдемесін жариялады, онда олар Ереванды «қысқа мерзімде» ЕАЭО-дан шығып, ЕО-ға кіру жөнінде референдум өткізуге шақырды. Мәскеу басқаратын ұйым Арменияны ЕО-ға кіруге дайындау ЕАЭО елдерінің экономикалық қауіпсіздігіне «елеулі тәуекелдер» әкеледі деп санайды.

Бұған дейін Владимир Путин Ереванның өзін Еуропа одағына жақындастыра бастауы Ресейді тағы бір «украин сценариін» жасауға мәжбүр ететінін айтып, екі рет қорқытқан сыңай танытқан еді. «Украинадағы дағдарыс оның ЕО-ға кіруге талпынысынан басталған болатын» деді ол соңғы рет 29 мамыр күні Астанадағы форум кезінде.

Таңбалар: Владимир ПутинНикол Пашинянреферендум

Ұқсас мақалалар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады
Жаңалықтар

Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады

04.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist