25 Тамыз, 11:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Румыния парламентінің төменгі палатасы Молдовамен бірігуді қолдады

26 Маусым 2026 19:25
- Жаңалықтар, Жаһан
Румыния парламентінің төменгі палатасы Молдовамен бірігуді қолдады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БУХАРЕСТ. 26 маусым. Румыния депутаттар палатасы (парламенттің төменгі палатасы) енгізген Румыния мен Молдованы біріктіру туралы заң жобасын қабылдады. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ұсынысты биылғы ақпан айында румыниялық еуродепутат Диана Шошоака енгізген еді.

Gândul порталының хабарлауынша, бастама «үнсіз қабылдау» деп аталатын рәсім бойынша өтті: регламентке сәйкес 45 күн ішінде пленарлық отырыста қаралмаған және қабылданбаған жобалар автоматты түрде мақұлданған болып саналады. Алайда төменгі палатаның шешімі түпкілікті емес, енді заң жобасы Румыния парламентінің жоғарғы палатасы – сенаттың қарауына жіберілді.

Екі елді біріктіру идеясы Кишинеудегі ең жоғары деңгейде қолдау табады. 2026 жылдың қаңтарында Молдова президенті Майя Санду егер мәселе референдумға шығарылса, Румыниямен бірігу үшін дауыс беретінін айтқан болатын.

«Молдова сияқты шағын елге демократиялық, егемен мемлекет ретінде өмір сүру және Ресейге қарсы тұру қиындай түсуде», – деп түсіндірді ол өз ұстанымын.

Осыған байланысты Кишинеу енді посткеңестік өткен кезеңнен алшақтап,  Еуропа одағымен жақындасуға дәйекті түрде бағыт алады. 2026 жылдың сәуірінде Молдова парламенті ТМД-ны құру туралы келісімнің және Достастық жарғысының күшін бір жақты жою туралы заңдарды түпкілікті оқуда қабылдаған болатын. Бұл мизам Ресейдің аумақтық тұтастық пен шекараға қол сұғылмаушылық принциптерін бұзуына байланысты шыққан.

Таңбалар: бірігу заңыМолдоваРумыния

Ұқсас мақалалар

Еуропа одағы Украинамен және Молдовамен келіссөздерді бастады
Дәулет

Еуропа одағы Украинамен және Молдовамен келіссөздерді бастады

13.06.2026
Германия Ресей билігінің енді өздерін бопсалап қорқыта алмайтынын айтты
Жаһан

Германия Ресей билігінің енді өздерін бопсалап қорқыта алмайтынын айтты

30.05.2026
НАТО: Румынияның жеріне құлаған дрон Ресейдікі болып шықты
Жаңалықтар

НАТО: Румынияның жеріне құлаған дрон Ресейдікі болып шықты

30.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist