УАШИНГТОН. 1 тамыз. Ақ үй Ресейден тамыздың 8-не дейін Украинадағы соғысын тоқтатуды талап ете бастады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұның өзі АҚШ президенті Дональд Трамптың Кремльге бейбіт келісімге келу үшін берген 50 күндік мерзімін 10 күнге дейін қысқарту жөніндегі мәлімдемесінің мәурітіне сәйкес келеді.
«Ресей мен Украина 8 тамызға дейін бітімгершілік келісімге келуі керек», деп мәлімдеді АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Джон Келли Мәскеу шақырған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында. Ал Украина өкілі бұл жойдасыз кездесуді жиіркенішті деп атады.
АҚШ билігі Ресей мен Украинаның 8 тамызға дейін бітімгершілік келісімге келуін талап етеді. Мәлімдемені шілденің 31-і, бейсенбі күні АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Джон Келли Мәскеудің бастамасымен шақырылған Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтты.
«Ресей мен Украина атысты тоқтату және тұрақты бейбітшілік туралы келісімге келуі керек. Келісімге келетін уақыт келді. Президент Трамп мұны 8 тамызға дейін жасау керектігін айтты. АҚШ бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын», – деді Келли. Оның қысқаша сөзі БҰҰ сайтында жарияланды.
Ресей Федерациясының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Дмитрий Полянский Мәскеудің кездесуге Қауіпсіздік кеңесінің назарын Батыстың «украин дағдарысын дипломатиялық жолмен шешу перспективаларына тікелей немесе жанама түрде нұқсан келтіретін» әрекеттеріне аударуды сұрағанын айтты. Дипломаттың бұл сөздері де БҰҰ сайтында келтірілген.
Полянский: «Украина дағдарысы Батыс елдерінің Ресейдің қауіпсіздік мүдделерін елемеу үшін көп жылғы талпыныстары нәтижесінде туындаған ауқымды дағдарыстың туындысы ғана», – деді. Ол Мәскеудің Украина мәселесін дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін мәлімдеп, Батыс елдерін «тістесудің орнына ынтымақтастыққа» шақырды.
ҚХР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Гэн Шуан Бейжің Мәскеумен экономикалық ынтымақтасады деген сынды жоққа шығарды. Дипломаттың айтуынша, «Қытайдың Ресеймен Украинадан артық сауда қатынасы жоқ».
«Қытайдың заңды құқықтары мен мүдделеріне қол сұғылмау керек. Оның үстіне АҚШ-тың өзі Ресеймен экономикалық және сауда ынтымақтастығын жалғастырды. Егер АҚШ-тың өзі осылай жасап жатса, неге олар басқаларға да солай жасауға мүмкіндік бермейді?», – деді Гэн Шуан.
Украинаның БҰҰ-дағы уақытша сенімді өкілі Кристина Гайовишина Ресей шақырған жиынды «арсыздық және моральдық тұрғыдан жиіркенішті» деп атады. Оның айтуынша, Мәскеу Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы ең ірі соғысты бастады және қазір «өзін құрбан ретінде көрсетуге тырысып отыр». Гайовишина соғыс «орыс тілділерді қорғау» үшін емес, «империалистік амбицияларды жүзеге асыру үшін» жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Бұл Кремльдегі авторитарлық режимнің аман қалуы үшін соғыс». – деді ол.
USD




