БАКЫ. 30 маусым. Әзербайжан байтағы – Бакы қаласында «Sputnik-Азербайджан» агенттігіне тінту жүргізіліп, оның қызметкерлері қамауға алынды. Бұл туралы haqqin.az ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Әзербайжан бұқаралық ақпарат құралдары тұтқындалған екі журналистің Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болып шыққанын жазып жатыр. Олар РФ-ның Sputnik ақпарат агенттігіне ФСБ орналастырған тыңшылар көрінеді.
«Әзербайжан полицейлері Sputnik-тің Бакыдегі офисінде операция жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.Әзербайжан пабликтері онда 30 маусым күні азанда тінту жасалғанын жазды.
Sputnik агенттігі «Россия сегодня» медиа тобына қарайды. Ал топтың бас редакторы қызметін Кремльдің басты пропагандистерінің бірі Маргарита Симоньян атқарады. «Қызметкерлер қоңырауға жауап бермей жатыр, шамасы, байланыс қолжетімді емес болса керек. Олардың іштерінде Ресей азаматтары да бар», – деп жазды Симоньян өзінің Telegram-арнасында.
«Менің ақпарым бойынша, біздің Бакыдегі елшіміздің қызметкерлері біздің Спутниктің офисіне қарай шықты. Қазір онда арнайы операция жүріп жатыр». – деп баяндады ол сосын.
Ал Ресей мемлекеттік думасы әдеттегідей бұл оқиғаны үлкен дау-дамай, шу-дабырмен қарсы алып жатыр. Оларда қымсыну , ұялу, өздерін кінәлі сезіну деген мүлде жоқ.

USD




