«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

СЬОН. 18 маусым. Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу раундында Алматының «Қайрат» командасының кіммен кездесетіні мәлім болды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Өткен түнде УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Осыған сәйкес, алматылық футболшылардың алғашқы екі матчында Словенияның «Олимпия Любляна» командасымен күш сынасатыны анықталды.
Бірінші іріктеу кезеңнің алғашқы ойындары 8/9 шілдеде, қарымта кездесулер 15/16 шілде күндері өтеді.
«Қайрат» бірінші ойынды сырт алаңда өткізеді, ал жауап матч Алматының Орталық стадионында ойналады.
Турнирдің бірінші раундында сондай-ақ мына клубтар өзара күш сынасады:
«Лудогорец» (Болгария) – «Динамо-Минск» (Беларусь)
«Ноа» (Хайастан) – «Будучность» (Черногория)
«Жальгирис» (Литва) – «Хамрун Спартанс» (Мальта)
КуПС (Финляндия) – «Милсами» (Молдова)
«Нью-Сейнтс» (Уэльс) – «Шкендия» (Солтүстік Македония)
«Иберия» (Сакартвело) – «Мальме» (Швеция)
«Левадия» (Эстония) – «Ригас ФШ» (Латвия)
«Дрита» (Косово) – «Дифферданж» (Люксембург)
«Викингур» (Фареры) – «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар)
«Эгнатия» (Албания) – «Брейдаблик» (Исландия)
«Шелбурн» (Ирландия) – «Линфилд» (Солтүстік Ирландия)
«Стяуа» (Румыния) – «Интер Эскальдес» (Андорра)
«Виртус» (Сан-Марино) – «Зриньски» (Босния және Герцеговина)