Ақ үй 36 елдің азаматтарына АҚШ-қа келуге тыйым салғалы отыр

УАШИНГТОН. 15 маусым. Ақ үй 36 ел азаматтарының Құрама Штаттарға келулеріне тыйым салу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ мемлекеттік департаменті бұл елдердің қатарында Құрама Штаттарда терроризм актісіне қатысқандар мен «антисемиттік және антиамеркиалық әрекеттер» жасағандар бар екенін баяндады.
Дональд Трамп әкімшілігі Құрама Штаттарға келуге рұқсат етілмейтін елдер санын арттырудың мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Мемлекеттік департамент басшысы Марко Рубионыі ішкі дипломатиялық жеделхатында осындай 36 мемлекеттің аты аталған.
Сонымен бұл тізімді мына елдер құрайды: Ангола, Антигуа және Барбуда, Бенин, Буркина-Фасо, Бутан, Вануату, Габон, Гамбия, Гана, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Доминика, Египет, Замбия, Зимбабве, Кабо-Верде, Камбоджа, Камерун, Кот-д’Ивуар, Қырғызстан, Либерия, Мавритания, Малави, Нигер, Нигерия, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Сент-Киттс және Невис, Сент-Люсия, Сирия, Танзания, Тонга, Тувалу, Уганда, Эфиопия, Оңтүстік Судан.
Мұның алдында 12 елге 9 маусымнан бастап тыйым салынған болатын. Оларды мыналар құрайды: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлы Гвинея, Эритрия, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан, Йемен. Сол сияқты ішінара тыйым Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан, Венесуэла елдерінің азаматтарына салынды.






