Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Қызылорда: суды үнемдеуде жаңа технологиялар қолданыла бастады

АСТАНА. 28 қаңтар. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бүгін Үкіметте аймақта суды үнемдеу бағытында жүріп жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылы Сыр елінде су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алынғанын әңгімеледі.

Еске сала кетейік, былтыр аймақта жарты миллион тоннаға жуық күріш өндірілген болатын. Сөйтіп, дақылдың әр гектарынан облыс бойынша орта есеппен 58 центнерден өнім алынып, жалпы жиынтығы 496,4 мың тоннаға жетті.

Ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция 2023 жылмен салыстырғанда, 32 пайызға артты. 2025-2029 жылдары 57 млрд теңгеге 29 жаңа жоба жүзеге асырылады. Бұл 488 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының қолдауымен мемлекетаралық келісімдер нәтижесінде соңғы 2 жылда Арал теңізіндегі су көлемі 4 млрд текше метрге дейін артты. Осылайша 2022 жылы – 18,5 млрд текше метр, 2024 жылы – 22,3 млрд текше метр су түсіп, САТ айдынына 27 млрд текше метр су жиналды Бұл балық шаруашылығының дамуына, экологиялық ахуалдың жақсаруына оң септігін тигізуде.

Отырыста сондай-ақ Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков те есеп берді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button