Өзбекстан ұшақтары Еуропаға Ресейді айналып баратын болды
ТАШКЕНТ. 28 қаңтар. Uzbekistan Airways әуе компаниясы Еуропа елдеріне Ресей әуе кеңістігін айналып өтіп, ұшып баруды бастады. Бұл туралы Kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Бұл Еуропа авиация қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) ұсынысы, өйткені біз Еуропа елдерінің азаматтығы бар жолаушыларға қызмет көрсетеміз. Мұның Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы апатына қатысы жоқ», – деп атап өтті әуе компаниясындағылар.
Бірақ Еуропа авиация қауіпсіздігі агенттігінің Ресей әуесі кеңістігімен ұшыруға ықтияры болмай отырғанында тап осы Әзербайжан лайнерінің атқылануынан туған қауіптен кейін осындай қадамға барғаны еш күмән тудырмаса керек.
Uzbekistan Airways авиакомпаниясы Ресей әуе кеңістігі арқылы ұшпауды ұсынған EASA-ның биылғы 9 қаңтардағы хабарламасына сілтеме жасап отыр.
«Қазіргі уақытта ЕО-ның бірде-бір авиакомпаниясы Ресей Федерациясынан немесе оның әуе кеңістігімен одан тыс жерлерге рейстер орындамайтынын атап өту маңызды. Алайда үшінші елдердің бірқатар әуе тасымалдаушылары соғысқа байланысты қауіптің зор екеніне қарамастан, мұны жалғастыруда», – делінген хабарламада.
Сонымен бірге Flightradar сайты ЕО елдеріне барып-келетін ұшақтардың Әзербайжан әуе кеңістігі арқылы ұшатынын көрсетеді.