25 Тамыз, 11:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арал қаласында «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді

6 Қаңтар 2025 23:11
- Жаңалықтар, Қайнар
Арал қаласында «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АРАЛ. 6 қаңтар. Бүгін Қызылорда облысының Арал қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 300 орындық білім ошағының ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шараға облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ осы облыстан сайланған Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Мұрат Әбенов қатысты.

Жиында сөз алған аймақ басшысы жиналған жұртшылықты осы қуанышты оқиғамен құттықтап, өзінің ізгі тілегін жеткізді.

«Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы еліміздің барлық аймағында жүзеге асырылуда. Қазан айында 900 оқушыға арналған алғашқы мектеп облыс орталығында ашылды. Күні кеше Жаңақорған ауданының «Жаңарық» ауылында 300 орындық «Жайлы мектеп» пайдалануға беріліп, бейімделген ғимаратта орналасқан білім ошағының мәселесі шешімін тапты. Бүгін, міне Арал қаласында республикалық бюджеттің тікелей қаржыландыруымен, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асқан, құны 2 млрд 608 млн теңге болатын 300 орындық «Жайлы мектеп» ел игілігіне тапсырылып жатыр. Біз бұл арқылы үш ауысымды оқытуға көшу қаупі бар №62 және №220 мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шештік. Енді осы шағын аудан балаларына басқа мектепке қатынаудың қажеті жоқ. Алдағы уақытта тағы – 2, жыл көлемінде 5 «Жайлы мектепті» аяқтап, пайдалануға береміз. Мұның барлығы жас ұрпақтың игілігі үшін жасалуда. Шәкірттердің сапалы білім мен саналы тәрбие алуына жағдай жасау біздің басты мақсатымыз болып қала бермек»,– деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Салтанатты іс-шарада Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов те құттықтау сөзін сөйледі.

Жиын барысында сондай-ақ ауданның өркендеуіне еңбегі сіңген ардагерлер мен құрылыс мекемесінің мамандары марапатталды.

Айта кетейік, өткен жылы білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда, 9,3 пайызға артқан. Жаңа 6 мектеп, 5 мектептің жанынан қосымша ғимарат ел игілігіне ұсынылды. Арал ауданы «Тоқабай» ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.

«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласындағы 350 орындық «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданындағы 200 орындық «Оқушылар үйі» және 50 орындық «Өнер мектебі» қатарға қосылды. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы», «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынып жатыр. Енді Шиелі ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» пайдалануға беріледі.

Алдыңғы жылы облыс орталығындағы 4 мектепке 1 850 орынға арналған қосымша ғимараттар салынды. Осылайша бюджетке салмақ түсірмей, қаржыны үнемдеп, үш ауысымды оқытуға көшуі мүмкін мектептер мәселесі шешілді. Оған қоса, 8 мектеп ғимараты күрделі жөнделді. Мемлекет басшысының 1 300 мектепті күрделі жөндеу тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылға 51 мектеп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Аралдағы «Жайлы мектеп» құрылысын «Бақ-Береке-2030» серіктестігі жүргізген.

Таңбалар: АралЖайлы мектепНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты
Аймақ

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты

13.08.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026
Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет
Жаңалықтар

Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

09.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist