Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс бойынша сот талқылауы өтетін күн белгіленді
АСТАНА. 20 наурыз. Бұрынғы президенттің інісінің ұлы Қайрат Сатыбалдының үстінен қозғалған жаңа қылмыстық іс бойынша басты сот тыңдауы өтетін күн анықталды. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, сотқа Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс келіп түскен. Оған бұл жолы қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды (жылыстатты) деген айып (ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы) тағылып отыр.
Басты сот талқылауы 2024 жылғы 1 сәуір сағат 10.00-ге тағайындалды.