АСТАНА. 31 қазан. Қазақстан Ішкі істер министрлігі белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға іздеу жариялады. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Тергеу дерегіне сәйкес, Екатерина Бивол әлеуметтік желіде қазақ және қырғыз халықтарын қорлап, балағат сөздер айтқан. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Екатерина Биволға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясымен іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», деп хабарлады ІІМ.
Ведомство өкілдері тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат таратылмайтынын жария етті.
Боксшы Дмитрий Биволмен ажырасқаннан кейін Екатерина әлеуметтік желілерде белсенді бола бастаған. Ол бұрынғы күйеуі туралы жиі жазбалар жазапы, желі арқылы таратып отырған. Оларда спортшыны табысын жасырып, алимент мөлшерін азайтуға тырысты деп айыптаған. Сондай-ақ Биволдың жанкүйерлерін сынға алған жазбалар да жариялаған.
34 жастағы Дмитрий Бивол – белгілі кәсіпқой боксшы. Ол жартылай ауыр салмақта WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Бивол мансабында 24 жекпе-жек өткізген, оның 12-сін нокаутпен жеңіспен аяқтаған.
Жұп 16 жылдық некеден кейін 2023 жылы ажырасып, бұл жанжал мен сот ісіне ұласты. Олардың ажырасудан кейін анасымен қалған Мирон (2014 жылғы) және Никон (2017 жылғы) атты екі ұлдары бар.
Бұған дейін Екатерина Биволдың үстінен Қырғызстан байтағы – Бішкек қаласының полициясы қылмыстық іс қозғап, іздеу жариялаған болатын. Онда Екатерина Бивол ұлт аралық араздықты қоздырғаны үшін айыпталған. Тергеушілер оның қырғыз халқын ашықтан ашық қорлаушы мәлімдемелер жариялағанын атап өтеді. Биволдың өзі бұл мәлімдемелерді 21 қазанда әлеуметтік желілерде таратқан.
Айта кететін бір жайт, Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұрып жатқан Екатерина Бивол биылғы тамыз айында өзінің тегін ауыстырғанын жазып, Алматы қаласында түскен рәсімін қоса жариялады. «Спортивная орда» ресурсының мәліметінше, Екатерина өзіне ендігі фамилия етіп, қыз күніндегі «Бурдинская» деген тегінен де бас тартып, ұйғыр әкесі тарапындағы атасының есімін таңдаған.
«Мен енді біз менің ұйғыр атамыздың тегін алатын болып шештім. Өте жақын арада біз Екатерина Игоревна Джалилова, Мирон Дмитриевич Джалилов және Никон Дмитриевич Джалилов боламыз», – деп жазды әйел Instagram-дағы парақшасында.
Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі сондай-ақ қыз күніндегі тегінің өзіне қатысы жоқ екенін қосты. Себебі, ол өз әкесінің емес, өгей әкесінің фамилиясы көрінеді.
Екатерина Бурдинская 1990 жылғы 1 қазанда Ленинградта (қазіргі – Санкт-Петербург) туған. Ол ірі бизнесмен Игорь Бурдинский отбасының кенжесі болды. Игорьдің әйелі, Катяның анасы – Марина 1962 жылдың соңында өмірге келген. Әпкесі Лилия Бурдинская – белгілі хореограф, қазір Францияда тұрады.
Екатерина Ресейдің солтүстік астанасындағы № 185 мектепті бітірген, содан кейін 2013 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Енді Дмитрий Юрьевич Бивол жөнінде бір ауыз сөз. Ол 1990 жылғы 18 желтоқсанда Қырғызстанның Шу облысындағы Тоқмақ қаласында туған. Әкесі жағынан – молдован, анасы – корей қызы. Бокстан Ресейдің екі дүркін чемпионы. Қазір Қырғызстан Республикасының азаматы болып табылады. Кәсіпқойлар рингіне кейде осы елдің туы астында шығып жүр.
USD




