Футбол: Чемпиондар лигасы ширек финалындағы қарсыластар анықталды
НЬЮН. 15 наурыз. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында 2023/24 жылғы Чемпиондар лигасы шешуші раундтарының жеребесі тартылды. Бұл туралы fapl.ru ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Чемпиондар лигасының 1/4 финалы кезеңінде Еуропаның 8 мықты командасы жарыс жолын жалғастырып отыр.
Жеребе қорытындысымен лиганың ширек финалында мына командалар өзара кездесетін болып шешілді:
«Арсенал» (Англия) — «Бавария» (Германия)
«Атлетико» Мадрид (Испания) — «Боруссия Дортмунд» (Германия)
«Реал» Мадрид (Испания) — «Манчестер Сити» (Англия)
ПСЖ (Франция) — «Барселона» (Испания).
Ал жартылай финалда мына жұптарда жарыс жолын жалғастыра алғандар ұшырасады:
«Атлетико» Мадрид / «Боруссия» Дортмунд — ПСЖ / «Барселона»
«Арсенал» / «Бавария» — «Реал» Мадрид / «Манчестер Сити»
Ширек финалдық кездесулер 9/10 және 16/17 сәуір күндері, ал жартылай финалдық ойындар 30 сәуір/1 мамыр және 7/8 мамыр күндері ойналады.
Финалдық матч 1 маусымда Лондонның «Уэмбли» стадионында өтеді.