26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кореяның ірі ритейлері Қазақстанда инновациялық сауда желісін іске қосты

7 Наурыз 2024 23:27
- Дәулет, Жаңалықтар
Кореяның ірі ритейлері Қазақстанда инновациялық сауда желісін іске қосты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 7 наурыз. Кореядан келген ірі ритейлер Қазақстанда CU брендімен 500 «үй жанындағы дүкен» инновациялық сауда желісін іске қосты. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Үй жанындағы дүкен» инновациялық сауда желісін Қазақстандағы «Шин-Лайн» компаниялар тобы Кореяның ең ірі операторы – BGF Retail-мен бірлесіп жүзеге асырады.

«Ең қызығы, бұл дүкеннен ел Кореядан аған емес, Қытайдан, Жапониядан импортталған азиялық өнімдерді таба алады, яғни, CU ритейл-желісінің күнделікті сұранысқа ие өнімдеріне арналған Қазақстандағы алғашқы дүкен. 2030 жылға дейінгі ауқымды жоба қала экономикасына 50 млрд теңгеге дейін қаражат тартып, қаланың мәртебесіне сай келетін заманауи 500 сауда нүктесін құрады деген жоспар бар», – деп баяндайды журналист Айнаш Есали.

Оның айтуынша, жоба ұйымдастырушылары саланы сауықтыру, қала тұрғындарының сапалы қызмет пен өнімдерге деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында кешенді шараларды іске асыруды көздейді.

CU сауда желісі – бұл жұмыс режимі аптасына 7 күн 24 сағатқа құрылған, үй жанындағы шағын дүкендердің жетілдірілген форматы. CU дүкендерінің лайықты сыртқы келбеті мен өзіне тән ішкі атмосферасы бар, сондай-ақ жұмысы да өзгеше әрі қызмет көрсету жылдамдығымен, бағасының арзандығымен ерекшеленеді.

«Арнайы CU дүкендер желісі үшін «Шин-Лайн» өндірістік кешенінің негізінде бірегей «фабрика-ас үй» құрылды. Қазіргі таңда желінің әрбір дүкені үшін тағамдар дайындау орталықтандырылған және компания стандарттарды мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етеді. Меншікті орталықтандырылған қойма мен меншікті дистрибуция жаңа өнімдерді жеткізу мерзімі мен өндіріс тізбегіндегі делдалдар санының төмендеуін қамтамасыз етеді, бұл тұтынушы үшін өнім сапасы мен бағасына оң әсер етеді, – деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин. – Осы жобаның барлық тізбегінің жұмысын қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін Алматыда 600 жұмыс орны ашылады.

Жаңа дүкендерде ашылған күннен бастап ready to eat (лезде дайын болатын тағамдар), ready to cook (тек пісіру керек), ready to heat (тек  жылыту керек), bakery & hot drinks (кондитерлік өнімдер мен ыстық сусындар) деген санаттар, снектер, мен түрлі сусындар  бар. CU дүкендерінің жаңа желісінде барлығы 2000-нан астам сауда позициясы ұсынылған. Айта кету керек, оларда қазіргідей қолданыстағы стихиялық қызмет көрсету форматы жоқ.

«CU желісі қала өміріне инновациялар әкеліп, қалалық ритейл индустриясын жақсартады», – дейді Андрей Шин. – Жаңа шешімдері бар заманауи дүкендер қаламызға қажет. Сатып алушылар олардан күнделікті сұранысқа ие жаңа өнімдердің бірқатар санаттарын, сондай-ақ Кореядан, Қытайдан, Жапониядан импортталған азиялық өнімдерді таба алады. Сондай-ақ, CU-да Қазақстанда танымал тағамдар мен тағамдардың кең ассортименті, сондай-ақ корей асханасының тағамдары ұсынылады, оларды әзірлеу үшін Кореядан келген үздік аспаздар еңбек етті».

Ашылу салтанатында сауда желісінің стандарттары, ондағы ассортимент форматы Кореядағыдай екендігі атап өтілді. Ұйымдастырушылар компанияның Таң самалы елінде 17000 дүкені бар, 30 жылдан астам тәжірибесі қалыптасқан CU желісінің елге ыңғайлы және оны жақсы көретіндер бар екенін жеткізді.

«BGF-бұл «Be Good Friends!» сөзінің қысқартылып алынған нұсқасы (Жақсы дос бол!), біз өз клиенттеріміз бен қоғам үшін дос болуға тырысамыз.  Біздегі қалыптасқан философия пайда мен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы тепе-теңдік пен тәуекелдер инновациялардың тұрақты қайнар көзіне айналды, ал CU желісі тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру мен абыройлы атаққа ие болу арқылы үздіксіз өркендеп келеді», – деді BGF Retail компаниясының вице-президенті Чжун Кук Хон Мырза.

Инвесторлар жоба, тұтастай алғанда, елдің сауда индустриясын дамытуға жаңа серпін беретініне, осы саладағы бәсекелестікті күшейтетініне, Қазақстандағы сауданың сапасын арттыратынына және экономикаға жағымды әсер ететініне сенімді. CU дүкендерінің форматы таяу арада бүкіл нарық үшін стандартқа айналады деген болжам бар.

Ал отандық «Шин-Лайн» компаниялар тобына келетін болсақ, ол елде сапалы азық-түлік өнімдерін өндіруді дамытып отырған ішкі ірі инвестор. Компания Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде №1 балмұздақ өндіруші ретінде танымал. Қазір ТМД-дағы ең ірі балмұздақ фабрикасының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Шин-Лайнның»  логистика желісі Алматы қаласындағы 6000-нан астам сауда нүктелеріне қызмет көрсетеді. Өз кезегінде, инвестициялық жобаның стратегиялық серіктесінің CU ритейл желісін дамытудағы тәжірибесі өте ауқымды және Оңтүстік Кореяның сауда нарығындағы №1 компания саналады.

Таңбалар: ірі ритейлерКореяШин-Лайн

Ұқсас мақалалар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Кореяның экс-президентінің әйелі бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар

Кореяның экс-президентінің әйелі бас бостандығынан айырылды

28.01.2026
Трамп: АҚШ Оңтүстік Корея үшін ядролық сүңгуір қайық жасайды
Жаңалықтар

Трамп: АҚШ Оңтүстік Корея үшін ядролық сүңгуір қайық жасайды

30.10.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist