18 Қазан, 10:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пашинян РФ телеарналарын елдің шырқын бұзуға әрекет етеді деп айыптады

25 Қараша 2023 11:06
- Жаңалықтар, Құқық
Армения Путинді қамауға алуға міндеттейтін Рүм статутын бекітті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 25 қараша. Армения премьер-министрі Никол Пашинян ресейлік телеарналарды хай елінің тыныштығын бұзып, тұрақтылығына қауіп төндіріп отырғаны үшін сынға алды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Үкімет басшысы Армениядан хабар тарататын ресейлік телеарналардың армян жұртының ішкі ісіиен араласып, ондағы саяси ахуалды ушықтыруға әрекет жасайды деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Мәскеу мен Ереван арасындағы үкімет аралық келісімнің талаптары РФ тарапынан осылай қасақана өрескел бұзылып жатыр.

«Келісімге сай, елдің ішкі істеріне араласуға, ішкі саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталатын қадамдарға ешқандай жол берілмеуі тиіс. Соңғы айларда біздің мемлекеттік мекемелер бұл келісім талаптарының бұзылуынан туған бірнеше нақтылы мәселелерді анықтады», – деді Пашинян.

Ол жоғары технологиялар министрлігінің аталған мәселе бойынша және белгілі бір шешім шығару үшін Ресей тарапының өкілдерін шақырып отырғанын атап өтті.

Хайастанда Қарабақтағы соғыс жанжалы өрши түскен тұстан Ресей телеарналарын желіден ажырату мәселесі ұдайы көтеріліп келеді. Армения парламентіндегі «Азаматтық келісім» фракциясының депутаты Лусине Бадалян мұның бір себебі елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін «армяндарға қарсы» контенттің пайда болуы екенін атап өтті.

Ал Пашинян аппаратының басшысы Араик Артюнян Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының Арменияға қарсы «гибридтік» соғыстың басталып кеткенін баяндады. Ол РФ телеарналарының нағыз құдай атып кеткен «ең оңбаған насихатшылары» RT бас редакторы Маргарита Симоньян мен оның күйеуі Тигран Кеосян, Life арнасын құрушы Арам Габрелянов пен «Говорит Москва» радиосының бас редакторы Роман Бабаян секілді ұлты армян азаматтары болып отырғанына назар аударды.

Ресей телеарналары хабарларын таратуға тыйым салу жайы Қазақстанда да біраздан бері талқыланып келеді. «Қазақстанның көптеген азаматтарын Ресей пропагандасы жалықтырып бітті. Біздің өзімізде сол насихатты жүргізетін отандастырымыз аз емес. Сондықтан бірқатар өңірлерде ара-тұра ұлт аралық мәселелер туындап жатады», – деп мәлімдеген еді қыркүйек айында Қазақстан Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай.

Алайда республикада әзірге Ресей ТВ-ларын көруге мүмкіндік беретін тек Sputnik24 сайты ғана бұғатталып тұр. Бұған, Arbat Media порталының мәнбесі мәліметінше, «Қазақстан Республикасының аумағында лицензиясы жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының заңсыз жұмыстары» себеп болған.

Таңбалар: АрменияРФ пропагандасытыйым салу

Ұқсас мақалалар

АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды
Дәулет

АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

17.10.2026
Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады
Жаңалықтар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады

25.08.2026
Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды
Жаңалықтар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды

04.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist