27 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еуро-2024 әзірге бізге бағынбай тұр: Қазақстан Словениядан ұтылып қалды

21 Қараша 2023 08:23
- Жаңалықтар, Сайыс
Еуро-2024 әзірге бізге бағынбай тұр: Қазақстан Словениядан ұтылып қалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛЮБЛЯНА. 21 қараша. Бүгін түнде Еуро-2024 чемпионаты іріктеу турнирінің ең соңғы матчында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнап, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Айта кетуіміз керек, қазақстандық футболшылар турнирдің Н тобындағы бірінші кездесуін  өз алаңында словендермен өткізіп, 1:2 болып жеңілген еді.

Словения байтағы – Люблянада ойналған матч Астана уақытымен 01:45 сағатта басталды. Дәл осы сәтке дейін словениялықтар 19 ұпаймен екінші орында тұрса, біздің құрама 18 балмен үшінші сатыға орналасқан еді. Ал 22 ұпайы бар Дания  мұның алдындағы турда словендерді өз алаңында 2:1 етіп сүріндіріп, келер жылы жазда Германияда өтетін құрлық чемпионатының финалдық бөліне жолдама алып қойған болатын.

Бұл кездесудің Қазақстан құрамасы тарихындағы ең маңызды матч болғаны анық. Себебі, бұған дейін біздің команда әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірде-бірінің финалдық бөлігіне өтуге дәл осыншалықты жақын келмеген-ді.

Ойынның бірінші таймы допты уыстарынан көп шығара қоймаған алаң иелерінің айқын басымдылығымен өтті. Дегенмен, соның арасында қазақстандықтардың бірнеше рет қарымта шабуыл жасауларының да орайлары келді. Сол сәттердің бірінде Исламбек Қуаттың берген керемет добын Ислам Чесноков пайдалана алмай қалды. Мұның есесіне, Ян Вороговский өз айып алаңында қарсыластар шабуылын қайтармақ болып жатқанында тәртіп бұзып, ойламаған жерден өз қақпасына қарай пенальти соғылуына жол ашып берді. Оны Беньямин Шешко құр жібермеді – 1:0! Есеп осылай ашылды.

Бір тәуір жері, бұған еңселері түсе қоймаған біздің жігіттер екінші таймның басында есепті теңестіріп үлгерді. Шабуылшы Максим Самородовтың берген добын керемет пайдалана білген жартылай қорғаушы Рамазан Оразов алаң иелері қақпашысының қапыда қалдырды – 1:1.

Магомед Адиевтің шәкірттері таразы басын теңестіргеннен кейін мейлінше батыл ойнап, шабуылға жиі шыға бастады. Алай           да бірнеше мүмкіндік босқа кетті. Мұның орнына, алаң иелері 86-минутта жасаған қарсы жорықтарының бірінде матч тағдырын біржола шешіп кетті. Бұл жолы Беньямин Вербич қатты соққымен допты «тоғыздыққа» түсіріп, өз командасын алға шығарып жіберді.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатының финалдық бөлігіне шыға алатын тағы бір мүмкіндігі бар. Бірақ міндетті орындау қиындау. Бұл үшін ол Ұлттар лигасының шеңберінде наурыз айында Грекияда жергілікті құрамамен ойналатын ойында жеңіске жетуі керек.

Таңбалар: Еуропа чемпионатыҚазақстанСловенияфутбол

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты
Әлеумет

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты

24.08.2026
Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist