Куба сыртқы істер министрлігі Ресейдің Украинадағы соғысына қарсы шықты
ГАВАНА. 5 қыркүйек. Куба сыртқы істер министрлігі соғысқа қарсы мәлімдеме жариялап, ел территориясындағы РФ-ның жалдамалыларды тартатын желінің жабылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Куба билігі өз азаматтарының Ресей тарапында Украинадағы соғысқа қатысуларының жолын кесуге батыл кірісті. Куба сыртқы істер ведомствосы осындай мәлімдеме таратты. Онда ішкі істер министрлігінің ел территориясында украин армиясына қарсы ұрыс қимылдарына салу үшін жалдамалыларды тартатын, Ресейден басқарылатын желі бар екенін әшкерелегені айтылады.
Мұндай талпыныстардың бәрінің жолы кесілді, ал осы қылмыстық сызбаға қатысушыларға қарсы қазірдің өзінде бірнеше қылмыстық іс ашылған. Тергеу басталып кетті.
Куба сыртқы істер министрлігі сондай-ақ РФ территориясындағы сияқты, Кубаның өзі жерінде азаматтарды соғысқа алдап шақырып алушыларды «мемлекеттің жауы» деп атады. Ресми Гавана бұл әрекеттерге өзінің қатысы бар екенін жоққа шығарып отыр.
Аралдағы мемлекеттің сыртқы істер министрлігі Куба кез келген әскери жанжалға, соның ішінде Украина территориясындағы басқыншылық соғысқа қатыстыру үшін жалдамалыларды алдап әкетушілікке үзілді-кесілді қарсы тұруы керек деп есептейді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Украинаға қарсы соғысқа қатысуға тілек білдірген жүздеген сириялық азамат Ресей территориясына келген еді. Бірақ кейін олардың тағдырлары қалай болғаны белгісіз.
Сол сияқты РФ-ның оккупациялық армиясы сапында Иран жалдамалылары жүргендері жайлы да жазылды.