Кремльдің қазіргі қаупі: Мәскеуді енді «кадыровшылар» басып алмай ма?
МӘСКЕУ. 25 маусым. Кремль Мәскеу түбінен елдеріне қайтуға асықпай тұрған шешен жасағының бүлік салып қалуы ықтималдығынан қорқып отыр. Бұл туралы Ресей ресурстары деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.
РФ басшылығы Пригожиннің әскери бүлігінен кейін енді Мәскеуді бір тәулікте ешбір ұрыссыз басып ала алатын «кадыровшылардан» қауіп қыла бастады. Ал олар мерзімі келсе де, Мәскеу түбіндегі уақытша қосындарынан қозғала қоятын емес.
«Мәскеу «Вагнер» жеке әскери компаниясы тарапынан жасалған қауіп сейілгеннен кейін оған қарсы қою үшін Шешенстаннан арнайы әкелінген «Ахмат» жауынгерлік бөлімшелері мен Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтан қорқа бастады», – делінген хабарламада.
Кремльдегі және ресейлік арнайы қызметтердегі мәнбелер Мәскеуді Пригожиннен қорғау үшін әкелінген «кадыровшылар» бөлімшелерінің Мәскеу түбіндегі қалаларға төндіретін қатерлері «Вагнер» ЖӘК колонналарынан бір де кем болмай тұрғанын айтып отыр. Ресейдегі BRIEF telegram-каналы өз қайнарларына сілтеме жасай отырып, осы жайында әңгімелей бастады.
Бұған қоса, Мәскеу түбіндегі елді мекендерге орналасқан «Ахмат» ұйымының содырлар тобыры ендігі дислокациясы орнына қарай жылжуға мүлде асығатын емес. Бұл жер оларға жағып қалған сияқты.
Ресей билігі мәнбелерінің пікірлерінше, шешендер бір сөткеге жетпейтін мерзімде Мәскеуді қан-жынсыз басып ала қоюлары мүмкін. Себебі, мұнда оларға қарсы тұрып, шайқаса қоятын әлеуетті күш жоқ. Осының алдында, Пригожин 4 мың солдатымен Мәскеуге жақындап келе жатқанда, The Moscow News тілшілері жүргізген сауалнамаға жауап берген РФ армиясының алты офицерлері өздерінің «Путин үшін өле кетейін» деп жатпағандарын, «вагнершілер» келіп жетсе, қарсыласпай беріле салатындарын айтқан. Мұның орнына олар Пригожинге ықыластары ауып тұрғандарын білдірген. Демек, оның жасағына қосыла кетуге де дайын болған.
«Біздің көңіл күйіміз жақсы, олай болса, Мәскеу («Путин» деп түсіңіз – ред.) үшін қазір ешкімнің жан бергісі келіп тұрған жоқ. Жұрттың бәрі әңгіменің қаланы жаудан қорғау жайлы болып тұрмағанын, мұның біздің қаза табуымызға тұрмайтын ішкі лас есеп айырысулар екенін жақсы түсінеді», – деген еді сонда офицерлердің бірі.
Ал бұл жолы қару алып, қарсы шықсаң да, жеңіліп қалатындарын мұндағылар біледі.
Хабарламада сондай-ақ «кадыровшылардың» Пригожиннің жеке әскери компаниясы жауынгерлеріндей өздерін тәртіпті ұстап жүрмегендері, реті келіп жатса, жергілікті халыққа тиісіп тұратыны, әсіресе, әйелдерге кес-кестеп жол бермейтіндері, өздерінің өте өктем екендері айтылады.
«Қалай ма, Мәскеуді бір-ақ күнде басып ала салады. Оларды тоқтатуға кімді шақырасың? Қайтадан «Вагнерді» ме, жоқ «Захар Прилепиннің полкын» ба?», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, сенбі күннің кешінде Евгений Пригожин «вагнершілердің» Мәскеуге жасап келе жатқан жорықтарын аяқтайтындарын мәлімдеген болатын.
Ал Евгений Пригожин қазір Мәскеу облысының «Железнедорожный» елді мекенінде орналасқан №35533 әскери бөлім территориясындағы арнайы оқшаулағышта отыр