25 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путин: Менің еврей достарым Зеленьскийді «еврей халқының қоры» дейді

16 Маусым 2023 23:26
- Жаңалықтар, Қайнар
Путин: Менің еврей достарым Зеленьскийді «еврей халқының қоры» дейді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 16 маусым. Бүгін ашылған Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында РФ президенті Владимир Путин осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы ТАСС ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Кремльдің қожайыны форумның күн тәртібіне ешбір қатысы болмаса да, отырыста Украина президенті Володимир Зеленьскийге тиісіп өтуді жөн санапты.

«Украина құрмет тұғырына батыр ретінде Гитлердің ізбасарларын алып келді», – деді ол салған жерден. Бұдан әрі өзінің еврей достарының украин лидері хақында не дейтінін айтты.

«Менің еврей достарым көп, бала жастан. Олар: «Зеленьский – еврей емес. Ол – еврей халқының масқарасы» дейді», – деп қаңғалақтады Мәскеудің патшасы. Осыдан кейін залдағы жұрт қол шапалақтады. «Бұл әзіл де емес, келеке де емес, өйткені, құрмет тұғырына Украинаның батырлары ретінде бүгінгі неонацистер, Гитлердің күшіктері келді», – деп тағы тантып кетті.

Міне, әлемде империя құруды армандап жүрген мемлекет басшысының деңгейі осындай енді!

Диктатор сосын бұған Ресейдің нацизммен күресте бәрінен көп зардап шеккенін қосып қойды.

Ол «Ресей Украинада пайда болған неонацизммен күресуге міндетті» деп есептейді. Мына жерде сонысын тағы қайталады.

Ресей көсемі келесі кезекте Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еврейлерді қыруға арналған Холокост оқиғасына тоқталды. Сол кезеңде 6 млн еврейдің жойылып кеткенін айта келіп: «1,5 миллион еврей Украинада жойып жіберілді, олардың бәрі дерлік бандерашылар қолымен жасалды», – деді Путин.

Ол форумда осындай әңгіменің болатынын күткенін баяндай келіп, кеше кешке Мәскеуге қоңырау шалып, Украинадағы нацистердің бұл тұрғыда айтқандары жайлы материалдар жіберуді өтінгенін мәлімдеді.

Осыны айтқан Путин бірнеше парақ шығарып, соларда жазылған сөздерді оқып берді. «Ярослав Стецько деген біреу, Украин ұлтшылдары ұйымы Бандера фракциясының басшысы, 1939 жылы былай деп жазады: «Мәскеу мен жөйттік – Украинаның ең үлкен жаулары. Украинаның жөйттерді өлтіруде және еврейлікпен күресте неміс тәсілдеріне көшуі керек екенін табанды түрде жеткіземін». Тағы бір қайраткер – бұл енді 1941 жылдың шілдесі, – «Арыстан қасапшы» деп аталатын Степан Ленкавский деген біреу: «Жөйттерді толық жойып жіберуге қатысты барлық тәсілдерді қабылдаймыз», – деп жазған екен.

«Немене бұл?» деп ашу көтерді Путин осы жерде.

Бұдан әрі ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Украинаның қай жерінде еврей балаларының көптеп өлтірілгені жайында есеп беріп кетті.

Ал Украинаның қарсы шабуылы турасында сөз қозғағанда, Ресей әскерлерінің оларға «төтеп беріп» тұрғанын шаттана айтып тұрды.

Шамасы, майдан даласы хақындағы мәліметтерінің шындыққа оншалықты жуыса бермейтінін өзі де білмейтін болса керек.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан бірнеше күн алдын бұл форумға қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеген болатын.

Таңбалар: Владимир ПутиневрейлерПетербургфорум

Ұқсас мақалалар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды
Дәулет

Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды

28.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist