17 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

7 Қазан 2026 16:31
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 қазан. Бүгін Қызылордадағы «Достық үйінде» «Ана бренді: цифрлық дәуірдегі тәрбие коды» тақырыбында «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы болып өтті. Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Форумға Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен, ғалым, биотехнолог, отандық «QazVac» вакцинасының авторы Күнсұлу Закария, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, «Аналар кеңесі» ұйымының төрайымы Нәзипа Шанаи, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева, Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, әнші Мәдина Сәдуақасова және еліміздің барлық өңірінен келген делегаттар қатысты.

Форумның мақсаты – еліміздің рухани өміріндегі ананың биік мәртебесін айшықтау, ұлт тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың еңбегін дәріптеу, олардың өнегесін кеңінен насихаттау, сондай-ақ отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені нығайту.

Аймақ басшысы өз сөзінде үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған республикалық форумға қатысушыларға шақыртуды қабыл алғаны үшін ризашылық білдірді.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей: «Анаға деген құрмет – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан асыл құндылықтарының бірі. Отбасы – ұлттың түпқазығы, ал ана – сол шаңырақтың шайқалмас тірегі». Қаламыздағы аналардың құрметіне арналып салынған «Анаға тағзым», жас отбасылардың бақыт мекеніне айналған «Отбасы орталықтары» ел игілігіне қызмет етуде. Бұл ғимараттар арулар мен аналардың, жас отбасылардың құтты шаңырағына айналды», – деді Мұрат Ергешбаев.

Бүгінде уақыт өзгерді. Цифрлық технологиялар қарыштап дамып, жасанды интеллект дәуірі келіп жетті. Ақпарат ағыны еселеп артты. Президентіміз айтқандай, бұл жаһандық өзгерістер жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа міндеттер де жүктейді.

«Осындай кезеңде қоғам мен отбасындағы ананың рөлі бұрынғыдан да маңызды әрі жауапты бола түсті. Цифрлық дәуірде ұрпаққа заман талабына сай білім мен тәрбиені қатар беру – басты міндетіміз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Бүгінгі заман аналары тек тәрбие беруші ғана емес, баланың цифрлық әлемдегі санасын қалыптастыруды, түрлі ақпаратты екшеп, жалған мен шынайының арасын ажыратуды, дұрыс бағыт беруді уақыт талап етіп отыр. Сондықтан басқосуда цифрлық дәуірдегі тәрбиенің ерекшеліктеріне, ананың қоғамдағы жаңа миссиясын айқындауға баса назар аударылды.

Форумда сөз алған қатысушылар дәстүр сабақтастығы мен ұрпақтың бағдары, еліміздегі әйел ғалымдардың орны, қоғамдағы ана мен баланың жайы, талантты таныту, тұлғаны қалыптастырудағы ананың рөлі, отбасы құндылықтары, қолдау және жаңа бастамалар, ана саулығы тақырыптарында ойларын ортаға салды.

 

Таңбалар: Анаға тағзымҚызылордафорум

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist