26 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Үңгірдің» атышулы авторының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр

2 Маусым 2023 18:44
- Жаңалықтар, Құқық
«Үңгірдің» атышулы авторының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 2 маусым. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚазТАГ дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Антикор» кезінде жалпы жұртқа «үңгір» идеологиясын қозғауымен атағы танылып, ала-бөтен жағымсыз аты қалған Дәурен Абаевтың министрлік тізгінін ұстаған кезеңін тереңінен тексеруге мүдделілік танытып отырған көрінеді.

«Қазір 2022 жылғы «Еуразия» халықаралық кинофестивалін өткізудің қаншалықты заңды болғаны жайы тексеріліп жатыр», – деп баяндайды ҚазТАГ агенттігіне жағдайға жақсы қанық мәнбе иесі.

ҚазТАГ редакциясының кинофестивальді өткізудің қаншалықты заңды екендігіне қатысты қойған сауалына қайтарған жауабында жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі әңгіменің қазіргі кезеңде жай тексеріс жүргізу шегінен асып өтіп, өте көп санды қылмыстық істерге барып тіреліп тұрғанын айтқан.

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатыр», – деп жауап берген ҚазТАГ сұрағына «антикордың» сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов, сонымен бірге басқа ақпарды ашудан бас тарта отырып.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың рулас туысы әрі сыныптасы Әскербек Абаевтың ұлы Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрлігін 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта, тура бір жыл басқарды. Ал соның алдында, 2020 жылдың мамырынан министр болып тағайындалғанға дейін ол Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған.

Абаевтың «үңгір» мәселесін қозғап, «аузымен авария» жасап алатын шағы осы қызметі кезінде орын алды. Ол 2021 жылғы 13 тамызда берген сұхбатында елімізде қазақша сөйлеуді талап етіп жүрген белсенділер әрекетін «үңгірдегі ұлтшылдық» («пещерный национализм») деп атады. Оның бұл пайымы көпшіліктің сынының астында қалды.

Дәурен Абаев 2023 жылдың наурызынан бері ҰҚШҰ (ОДКБ) бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарып келеді. Оның Атқару комитеті Беларусь астанасы – Минск қаласында орналасқан.

Тағы бір айта кететін жайт, 2022 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан кинематографистері «Еуразия» кинофестивалінің өткізілу «әдістеріне» көңілдері толмайтындарын білдірген болатын. Олар кинофестивальде көрсетілген қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізудің заңдылығына күмән келтірді.

Таңбалар: Дәурен Абаевжемқорлықкинофестиваль

Ұқсас мақалалар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген
Жаңалықтар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген

25.06.2026
Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды
Жаңалықтар

Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды

13.04.2026
Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды
Жаңалықтар

Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды

13.02.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist