Украина әскерлері тәулікте 600-ден астам оккупантты опат қылды
КИЕВ. 2 ақпан. Украина Қарулы күштері өткен тәулік ішінде 600-ден астам ресейлік басқыншыны жер жастандырды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина армиясы барлық бағыттарда жауға күйрете соққы беріп, оккупанттарды топтап жойып жіберуде.
Украина Қарулы күштері Бас штабының мәліметі бойынша, кеше 600-де аса Ресей әскерилері оққа ұшқан. Жалпы, Ресей Федерациясы Украина жеріне басып кіргелі бері 129 030 адамынан өлідей айырылған, сондай-ақ 3 211 танкісі жарамсыз болып қалған.
«Украина Қарулы күштері Ресей Федерациясының оккупациялық әскерлерін барлық майдан шептерінде жойып жіберуді жалғастырып жатыр. Тек өткен тәулікте ғана 610 оккупант жер жастандырылды», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ресей басқыншылары Лиман, Бахмут, Авдеевка және Новопавлов бағыттарында шабуылдау әрекеттерін жалғастыруда. Жау Луганск және Донецк облыстарының әкімшілік шекарасына шығу жоспарынан әлі ауытқыған жоқ. Ол сарбаздары баудай түсіп қырылып, жертөсек болып жатса да, алға қарай ұмтылып бағуда.
Донецк облысының Бахмут елді мекеніндегі ахуал да күрделі күйінше. Мұнда негізгі шайқас қаланың шетіндегі үйлер аумағында жүріп жатыр. Украин сарбаздары әзірге түйінді логистикалық жолдардың бәрін бақылауда ұстап тұр.