Украина әскерлері өткен тәулікте 800 басқыншыны жер жастандырды
КИЕВ. 29 желтоқсан. Украина Қарулы күштері өткен тәулік ішінде 800-ге жуық ресейлік оккупантты «Кобзонның концертін көруге» аттандырып салды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Ресей Украинаға қарсы соғысында осымен 104,5 мың жауынгерінен, 2 мыңнан аса артиллериясынан айрылып қалды.
Жау, әсіресе, Лиман және Бахмут бағыттарында көбірек қырғынға ұшырады.
Сонымен бірге, осы уақытта Ресей армиясы Украина қалаларын оныншы мәрте жаппай атқылаудың астына алды. Соның ішінде Киев пен Харьковке жасалған шабуылдар сұрапыл болды. Украин әскерлері келген снарядтардың басым бөлігін жойып жіберіп тұрды. Бірақ бірқатар адам шығыны орын алды. Бірқатар қалаларда электр жүйесіне зақым келді.
Қазіргі уақытта негізгі ұрыс қимылдары Бахмут және Авдеевка қалалары түбінде жүріп жатыр. Екі жақ та әзірге басымдық таныта алмай тұр. Украиндар үшін қару-жарақтың жетімсіздігі осы тұста байқалып қалды.
Кременна қаласы үшін шайқаста украин солдаттары біртіндеп басымдық танытып келеді.