25 Тамыз, 13:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путиннің достары мен президент әкімшілігі Пригожинді орнына қоймақшы

29 Желтоқсан 2022 09:21
- Әлеумет, Жаңалықтар
Путиннің достары мен президент әкімшілігі Пригожинді орнына қоймақшы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 29 желтоқсан. Ресейде президент Владимир Путиннің достары мен әкімшіліктегі лауазымды шенеуніктер Евгений Пригожинді орнына қоюды талап ете бастады. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

«Бизнесмен және «Вагнер» жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин Украинада соғыс басталуымен бірге саяси салмақ ала батады, оның мұнысы Владимир Путинге жақын жүргендер арасында наразылық туғызып жатыр», – деп жазды «Важные истории» сайты өзінің президентке жақын адамдар мен ФСБ және әскерилер арасындағы мәнбелеріне сүйеніп.

Бұған дейін қорғаныс министрлігі мен Санкт-Петербург губернаторы арасында көпшілік алдында сөзге келіп қалған Пригожин жақында президент әкімішілігі басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенкомен де шәлкем-шәліске келіп қалды. Дәлірегі, «Путиннің аспазы» деген де лақап атып бар тұлғаның дандайсып кеткені сондай, Кириенконың жауапкершілігіндегі аймаққа да қайта-қайта кіріп кетіп, шенеуніктерді қызметке тағайындау мен отставкаға жіберу мәселесіне де араласа бастады. Бұдан бөлек, Кремльдің әлекетті өкіліне «қылмысы үшін он жыл зонада отырып келген зектің» Сергей куратор болып отырған өзін өзі жариялаған Донбасс республикасында буырқанысты тірліктер жүргізіп жатқаны ұнамайды. Қазір бизнесмен ол жақта қорғаныс шебін құрумен айналысып жүр.

Мемлекеттік дума депутаттары арасында да «бұрынғы бандит» Евгений Пригожиннің президентке тым жақын болып алуымен бірге билікке араласуға көшкеніне наразылар аз емес. Ол хақында «заңдағы ұрылар» жақсы әңгіме айтып отырған жоқ.

Пригожин мен оның айналасының президентке жақын бола түсуі мен олардың медиа ресурстарының бұлардан тәуелсіз сипат ұстауы де әкімшілікті алаңдатып отыр. Өйткені, олар Путинге соғыстың барысы жайлы Кремль шенеуніктері мен қорғаныс министрлігінің әбден сүзгіден өткізіп барып беріп отырған мәліметтерінен бөлек ақпар жеткізулері ықтимал.

Пригожинге сондай-ақ президенттің «Озеро» кооперативіндегі ескі достары да тістерін қайрай бастады. Соның ішінде «Россия» банкінің негізгі егесі Юрий Ковальчук қатты белсене кірісті. Путин Петербургте жүрген кезінен криминалмен етене жұмыс істегеніне қарамастан, олардың мүшелерін өзінің жақын шеңберіне жолатып көрген жоқ еді, бірақ Пригожинге келгенде ол бұл ұстанымынан айырылып қалған сияқты.

Осы екі аралықта қорғаныс министрі Сергей Шойгу аталмыш «Вагнермен» бәсекелес етіп өзінің «Патриот» деген компаниясын құрып алып, оны Украинаға соғысқа аттандырып үлгерді. Бірақ екі компания бір-бірімен байланыссыз екі жақта екі бөлек ұрыс қимылдарын жасап жүр.

Таңбалар: Евгений ПригожинКремльСергей Кириенко

Ұқсас мақалалар

Кремльде кландар соғысы басталды: Собчактың артында кім тұрғаны айтылды
Әлеумет

Кремльде кландар соғысы басталды: Собчактың артында кім тұрғаны айтылды

14.07.2026
РФ Қауіпсіздік қызметі Пригожиннің қабірін қазуға жақындап қалды
Жаһан

РФ Қауіпсіздік қызметі Пригожиннің қабірін қазуға жақындап қалды

22.05.2026
Зеленский: «Путиннің Ресейі Қытайсыз ештеңе істей алмайды»
Жаңалықтар

Зеленский: «Путиннің Ресейі Қытайсыз ештеңе істей алмайды»

25.09.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist