13 Шілде, 20:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кәсіби мерекеде қызылордалық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды

26 Маусым 2026 17:03
- Аймақ, Жаңалықтар
Кәсіби мерекеде қызылордалық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 маусым. Бүгін «Өнер орталығында» 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған «Қанатты қалам – 2026» салтанатты шарасы өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.

Аймақ басшысы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі бастамалар мен жаңашылдықтарды халыққа шынайы жеткізудегі еңбектерін жоғары бағалады.

«Бүгін – мерзімді басылымдар мен телеарналарда, ақпараттық агенттіктер мен сайттарда қызмет істейтін шығармашылық өкілдерінің, журналист жасаған сюжет пен жазған мақаланың жарыққа шығуына еңбек сіңіретін мамандардың мерейлі күні. Мереке қарсаңында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Ақорда төрінде қабылдап, мемлекеттік наградалар тапсырды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы сөзінде.

Өңір басшысы Президент қолынан марапат алғандар қатарында «Qyzylorda» телеарнасының ардагері Жағыппар Қарабала да болғанын атап өтті. Сол шара барысында Жағыппар Аманжолұлы «Парасат» орденімен наградталды. Бұл, шын мәнінде де, Сыр журналистикасына берілген жоғары баға.

Мемлекет басшысы: «Журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды» деп ерекше атап өтті. Ұлттық журналистика тарихында Сыр өңірінің айрықша орны бар. Ғасырлық белесіне жақындаған басылымдар мен тәуелсіздік жылдарында шыққан газеттер – аймақтың сыр-шежіре сандығы. Облыстың тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдени-рухани жаңғыруының айқын дереккөзі», – деді бұдан әрі Мұрат Ергешбаев.

Облыс әкімі осы сөздің ретінде биыл аймағымыздың жетекші арнасы – «Qyzylorda» телеарнасының 35 жылдық мерейтойын атап өткенін әңгімеледі. Телеарна өңіріміздегі оқиғалар мен ақпараттарды жылдам таратып, ел өміріндегі саяси маңызды жаңалықтардың жаршысы болып келеді. Сол сияқты отыз жылға жуық уақыт көрермен көзайымына айналған «Қоғам ТВ» телеарнасының да ақпараттық саясаттағы орны ерекше. Аймақ телевизиясының бүгінгі биігі – өткен мен бүгінді жалғаған ардагерлер еңбегінің жемісі. Ақпарат айдынында өз қолтаңбасын қалдырған майталман мамандардың табандылығы мен қажырлы еңбегі тележурналистика тарихында лайықты ізін қалдырды.

«Бүгінде тағылымды жолдан өтіп, ұстаздарының өнегесін жалғаған мамандар елімізге белгілі ірі медиахолдингтерде, телеарналарда еңбек етіп, Сыр журналистикасы мектебінің мерейін үстем етуде. Тәуелсіздік шежіресін, Сыр өңірінің жылнамасын, қалыптастырудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы соңында.

Кеше Ақорда төрінде өткен рәсімде Мемлекет басшысы журналистерді қолдауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән берілетінін айтқан еді. Кейінгі үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болса, енді бұл бастаманың ауқымы кеңейді. Президент тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін ақпарат саласының 66 қызметкеріне пәтер кілті берілді.

Біздің аймақта «Сыр медиа» серіктестігі директорының орынбасары Әзиз Батырбековке және «Qyzylorda» телеарнасының телеоператоры Рамазан Жүсіпбекке пәтер кілттері тапсырылды.

​Салтанатты рәсімде ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан қалам иелері «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен, Құрмет грамотасымен, Қазақстан Журналистер одағының «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағымен, Премьер-министрдің бірінші орынбасарының, Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамотасымен және басқа да түрлі аталымдармен марапатталды.

Таңбалар: БАҚқұттықтауҚызылордамереке

Ұқсас мақалалар

Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті
Жаңалықтар

Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті

13.07.2026
Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды
Әлеумет

Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды

10.07.2026
Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда
Аймақ

Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда

10.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist