Украина: Мелитопольде басқыншылардың «ұясы» жанып жатыр
КИЕВ. 11 желтоқсан. Украинананың Ресей оккупанттары басып алған Запорожье облысындағы Мелитополь қаласының шығыс жағындағы шіркеу отқа оранды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Мелитопольдің мэрі Иван Федоров ресейліктердің осында келгелі бері нағыз «ініне» айналған шіркеудің әуеден берілген соққыдан өртеніп кеткенін мәлімдеді.
«Мелитопольдің шығысында отбұрқақ атылды. Алдын ала ақпар бойынша, оккупанттар бірнеше ай бұрын басып алып, өздерінің үңгіріне айналдырған Мелитополь христиан шіркеуі жанып жатыр. Қызық, онда дұшпанның қанша «қонағы» отқа күйіп қалды екен?» деп жазды ол.
РФ оккупациялық армиясы қазір Мелитопольде жанып жатқан шіркеудің «демалыс базасы» болғанын баяндады.
Украина Қарулы күштері осы соққының салдарынан 200-дей орыс жауынгерінің отқа тірілей жанып кеткенін, тағы 150 солдаттың әртүрлі дене жарақатын алғандарын айтып отыр.
Осы уақытта оккупанттар Горловканың орталығын 152 мм калибрлі артиллериямен атқылады.
Бүгін таң алдында жау басып алған Қырымдағы Советское кентінде орналасқан әскери казармада да жарылыс болған. Бірақ онда қанша басқыншы жауынгердің қаза тапқаны әзірге белгісіз.
Ал кеше Севастопольдің маңына орналасқан 6 елді елді мекенге украин әскерлері соққы берді.