18 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кремль Украинадағы соғыс қылмыстарын мойындаудан бас тартты

1 Желтоқсан 2022 23:05
- Әлеумет, Жаңалықтар
Кремль Украинадағы соғыс қылмыстарын мойындаудан бас тартты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 1 желтоқсан. Ресей билігі өзінің Украинадағы соғыс қылмыстарын зерттейтін халықаралық трибуналдың үкімін мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

«Кремль Еуроодақтың Ресей армиясының Украинадағы соғыс қылмыстарын тексеруге арналған арнайы трибунал құру жөніндегі әрекеттерін қабылдамайды», – деп баяндады Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

«Әлдеқандай бір трибунал құру жөніндегі әрекеттерге келсек, оның ешқандай қауқары болмайды, біз оны қабылдамаймыз және оған баға беріп те жатпаймыз», – деді Песков сосын.

Оның сөзіне қарағанда, Ресей тергеушілері қазір «күнбе-күн және іс жүзінде сағат сайын Киев режимінің қылмыстарын тіркеп қойып отыр».

Песков сондай-ақ «ұжымдық Батысты» Киевтің 2014 жылдан бастап жасаған қылмыстарына назар аудармай отыр деп айыптап, Мәскеудің оның бәрін зерттеп келе жатқанын айтты.

Осының қарсаңында Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен ханым Ресейдің Украинадағы соғыс қылмыстарын зерттейтін арнайы комиссия құруды ұсынған болатын. Оның айтуынша, комиссия БҰҰ аясында құрылуы керек. Еурокомиссия сонымен бірге жұмыс істеп, Гаага қылмыстық істер сотына материал дайындай алады. «Ресей өзінің жасаған қылмыстары үшін толық жауап беруі тиіс», – деп атап өтті фон дер Ляйен.

Бұдан бұрын Еуропа одағының шенеуніктері өздеріне БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі арқылы арнайы трибунаны құрудың орайы келетініне күмән келтірген еді. Себебі, Қауіпсіздік кеңесінің бір мүшесі болып отырған Мәскеу бұл жерде өзінің вето қою құқығын міндетті түрде пайдаланып кетеді. Сөйтіп, іс бірден жабылып қалады. Бірақ мұны БҰҰ-ның Бас ассамблеясы арқылы жасауға да болады. Бұл жағдайда Ресейді әлем елдерінің үштен екі бөлігінің қолдамайтыны еш күмән туғызбайды. Осының өзі трибуналды құруға толық мүмкіндік береді.

Гаага халықаралық қылмыстық істер соты қазіргі күндері Украина территориясында 2013 жылғы 21 қарашадан күні бүгінге дейін жасалған соғыс қылмыстарын зерттеп жатыр. Зерттеу Ресей биыл Украинаға басып кіргеннен кейін бірнеше аптадан соң наурыз айында басталды.

Таңбалар: Ресейсоғыс қылмысытрибунал

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist