Катарды Эквадор футболшыларына пара бермек болды деп айыптады
ДОХА. 18 қараша. Катарды жеңіске жету үшін Эквадор футболшыларын «сатып алуға» әрекет жасады деп айыптап жатыр. Бұл туралы «Известия» хабарлады.
Катар өз елінің құрамасынан жеңілулері үшін (есеп 0:1 болуы тиіс, гол екінші таймда салынуы керек) Эквадордың сегіз футболшысын 7,4 млн доллар ақшаға сатып алған. Катар мен Эквадордың бес мәнбесіне бұл ақпарды растап отыр.
Журналист Амджад Тах өзінің Twitter-дегі аккаунтына осы жайында жазған. Ол айтылған ақпардың жалған болып шығуына, оның матч нәтижесіне ешбір ықпалы тимейтініне үміт артады. Журналистің сөзінше, «әлем ФИФА-ны жайлаған жемқорлыққа қарсы күресуге тиіс».
Катарда өтетін кезекті әлем чемпионаты 20 қарашада басталып, 18 желтоқсанда аяқталады. Мундиаль осы жолы бірінші рет қыс айларында өткелі тұр. Себебі, Катарда жаз айларында өте ыстық болады.
Әлем чемпионатының ашылуы Катар мен Эквадор арасындағы матчта рәсімделеді. Кездесу Эль-Хаур қаласындағы «Эль-Байт» стадионында ойналады.
Матч отандық QazSport телеарнасынан Астана уақыты бойынша сағат 21:50-де көрсетіледі.